00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астанада бір пәтерде 400-ден астам адам тіркеуде тұрған

28.05.2024 | 20:11
Торғын Аман
110
фото: polisia.kz

Астаналық полицейлер 400-ден астам адам тіркелген пәтерді анықтады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде көрсетілген мекенжайда тұрмайтын азаматтар тіркелген 35 баспана анықталды. Бұл факті бойынша тұрғын үй иелері ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көші-қон қызметі азаматтарды заңсыз тіркеуге қойғандарға қатысты 40-қа жуық хаттама толтырылды. Мысалы, полицейлер 400-ден астам адам тіркелген пәтерді және 230-дан астам Қазақстан азаматы тіркелген тағы бір пәтерді анықтаған.

Тұрғын үй иелерінің өтініші бойынша осы мекенжайларда тұрмайтын азаматтар есептен шығарылды.

 Айта кетейік, бүгінгі күні заңнамада бір мекенжай бойынша тіркелген азаматтардың санына шектеулер қарастырылмаған. Дегенмен, тіркелген азаматтар тіркелген жерінде нақты тұруға міндетті.

Все новости