00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Балаларды қорғау күні қарсаңында елордада концерт өтті

Балаларды қорғау күні қарсаңында елордада концерт өтті
фото: gov.kz

«Жастар» сарайында 1 маусым Балаларды қорғау күні қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру дирекциясы» КММ ұйымдастыруымен қорытынды концерт өтті, деп хабарлады Elorda.info.

«Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру дирекциясы» КММ директоры Ерлан Жалғастың сөзінше, елордада жан басына қаржыландыру бағдарламасы бойынша 26 мың тәрбиеленуші бар.

Бүгін керемет жас таланттардың өнерлерінің куәсі болып отырмыз. Олар үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін байқауға болады. Балалар біздің келешегіміз, қандай талантты жас буын өсіп келе жатыр. Жалпы бұл бағдарлама негізінде елордада 26 мың бала тәрбие алуда. Мәдениет бағытында 50 үйірме түрі бойынша 352 кәсіпкер тіркелді. Оның ішінде 750 үйірме қызмет жасауда. Атап айтар болсақ, домбыра, ұлттық би, заманауи би, ән айту, балет және тағы басқа үйірмелерде балалар өз өнерлерін шыңдап жатыр, - дейді Ерлан Жалғас.

«Жастар» сарайының фойесінде жас суретшілердің көрмесі және қолөнершілер жасаған бұйымдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Қорытынды концертте 450 бүлдіршін өнер көрсетті.

Все новости