00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астанада Аналар күніне арналған отбасылық эстафетаға 10 отбасылық команда қатысты

11.05.2024 | 15:01
198
Астанада Аналар күніне арналған отбасылық эстафета өтті
Фото: дереккөз

Елорданың Сарыарқа ауданында Аналар күніне орай салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында отбасылық эстафета өткізілді, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Эстафетаға салауатты өмір салты мен отбасылық құндылықтарды насихаттайтын 10 отбасылық команда қатысты.

Эстафета қорытындысы бойынша бірінші орынды Хабидолла отбасы иеленсе, Қыстаубаевтар отбасы күміс жүлдені, ал қола жүлдені Жылқыбаевтар отбасы еншіледі.

Жеңімпаздар аудан әкімінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Біз мұндай іс-шаралар отбасылық ортада уақыт өткізудің тамаша тәсілі ғана емес, сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды құралы деп санаймыз. Олар отбасы мүшелерінің арасындағы байланысты нығайтуға, белсенді өмір салтын ынталандыруға ықпал етеді және денсаулық пен отбасылық құндылықтардың маңызды басымдықтар екенін көрсетеді, - деді Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының бас маманы Бибігүл Жақсыбай.

Іс-шара «Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» ММ және «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ қолдауымен ұйымдастырылды.

Все новости