00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астанада алып бала дүниеге келді

09.01.2024 | 14:15
119
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астананың №3 көпбейінді қалалық ауруханасында 5 484 гр салмақтағы сәби дүниеге келді, деп хабарлады Elorda.info Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дәрігерлер бұл ретте кесарь тілігіне жүгінбеді, әйел өздігінен табиғи жолмен босанды.

Сәбидің 35 жастағы анасы бұл оның үшінші баласы екенін айтты.

Оның өзге балалары да 4500 және 4050 гр ірі салмақта дүниеге келген.

Ол аурухана қызметкерлеріне кәсібилігі мен қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді. Әсіресе акушері Залина Асановаға алғысы ерекше.

Асқынусыз  босанды, бірақ, әрине, ерекше назар аударуға тұрарлық. Іштегі нәрестенің үлкендігіне қарамастан, бәрі жақсы өтті. Ең бастысы – баланың дені сау және ана бақытты. Бұл біздің жұмысымыздың басты мақсаты, - деп пікір білдірді акушер.

Әйелдерді босандыру бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Қайырбекова салмағы бес келіден асатын балалар өте сирек дүниеге келетінін атап өтті.

Соңғы айда перзентханамызда осындай екінші алып бала дүние есігін ашты. Желтоқсан айында салмағы 5 кг-дан асатын сәби дүниеге келген, - деді ол.

Все новости