Астанада 105 мыңнан астам оқушы ауқымды акцияға қатысты
![](/img/watch-gray.png)
![Астанада 105 мыңнан астам оқушы ауқымды акцияға қатысты](/img/articles/fda7c5cd8ede1baea123160043823eb3.jpeg)
Астананың 105 мыңнан астам оқушысы елордада қаланы санитарлық тазалауға, абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты көктемгі экологиялық акцияға қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Сағат 10.00-ден бастап Астананың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары өз аумақтарын ретке келтіре бастады. Акцияға мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар атсалысты. Қатысушылар арасында отбасыларымен, ата-аналарымен, бауырларымен және әпкелерімен бірге келгендер де болды.
Мектеп оқушылары экоакция туралы алған әсерлерімен әлеуметтік желілерде бөлісіп, фотосуреттер жариялап қана қоймай, сенбілікке шыққан достарын ерекше атап өтеді.
Бүгінгі сенбілікке 6 жасар Әлихан 5-сыныпта оқитын ағасына көмектесуге келді. Бүлдіршін осы мектепте оқуды жоспарлап, өткен тәуліктен бастап сенбілікке дайындалды.
Менің атым – Әлихан. Мен алты жастамын. Бүгін сенбілікке ағаммен бірге ауланы тазартуға келдім. Біз мектеп ауласын тазаладық. Үйде мен анама ойыншықтарды жинауға көмектесемін. Ағаммен бірге сенбілікке тағы да келемін. Ағамның сыныптастары маған көп кәмпит берді, - деді ең жас эко-белсенді.
7-сынып оқушысы Нұрислам Бұхарбай мұндай сенбіліктерге қатысудың маңызы зор деп санайды:
Бұл экоакция туралы интернеттен оқыдым, содан сыныптастарыммен бірге қатысатын болдым. Тіпті сенбілік кезінде тиктокқа түсіп те үлгердік. Астана құлпыра түсті. Біз табиғатқа құрметпен қарауды жақтаймыз, - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акция басталды.
Ауқымды экологиялық акция бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады.
Бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Алғашқы аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартады.
Екінші аптаға «Киелі мекен» атауы беріліп, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмысына бағытталады.
Ал 20-27 сәуір аралығындағы «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызуға, оларды ақтауға арналады.
4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумағын тазалауға және абаттандыруға арналады.
Соңғы, бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» деп аталатын су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.
![Елордада жеті автобустың жүру бағыты өзгерді](/img/articles/f6c012fe7fd5f7c9bbc5209257747c4a.jpg)
![Астананың миллионыншы тұрғыны екінші сыныпқа көшті](/img/articles/04e277126c73ae8e00686f0d27967cbc.jpeg)
![Ардагерлер көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)