00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астана полицейлері синтетикалық есірткі тасушылардың жолын кесті

05.06.2024 | 13:16
Торғын Аман
101
Астана полицейлері синтетикалық есірткі тасушылардың жолын кесті
фото: polisia.kz

Астана полицейлері синтетикалық есірткі тасушылардың жолын кесті, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында елордалық полиция қызметкерлері Астана қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Астана – Павлодар тас жолындағы бақылап-өткізу пунктінде Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатқан. Көлік салонын тінту кезінде жолаушылар отырғышының астынан арнайы иісі бар түйір консистенциялы ашық түсті зат бар екі пластик пакет, пышақ және 2 телефон табылған.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, зат салмағы шамамен 2 келі болатын «Альфа – PVP» есірткі заты болып шықты. Анықтай келгенде, олардың Павлодарға тыйым салынған заттарды тасымалдап жүргені және есірткі заттарды тарататын интернет-дүкендердің курьерлері екені анықталды.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Все новости