00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астана полицейлері 6 келі марихуана тәркіледі

28.05.2024 | 12:49
Торғын Аман
127
Астана полицейлері 6 келі марихуана тәркіледі
фото: polisia.kz

Астанада полицейлер марихуана есірткісін сату және таратумен айналысқан азаматты ұстады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласы ПД қызметкерлері есірткі таратты деген күдікпен 48 жастағы тұрғынды ұстады. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде қонақ бөлмесіндегі жәшіктен жалпы салмағы 6 келі болатын 12 бума үндістандық марихуана табылды. Сонымен қатар полицейлер оралған және одан әрі сатуға дайындалған 62 есірткі салған бумаларды анықтаған. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 6 кг 621 гр құраған.

«Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдікті полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Елордада есірткі жеткізу және сатумен айналысатын жеткізу арнасы және оның сыбайластарын анықтау үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», – дейді есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы Рустам Ғасизов.

Жыл басынан бері елордада заңсыз айналымнан барлығы 56 келіден астам әртүрлі препараттар тәркіленген.

Все новости