Astana Opera академиясына талапкер қабылдау мерзімі ұзарды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/DSC_5085_1_8020c96e79.jpg)
Astana Opera Халықаралық опера академиясы шығармашылық жобаға қатысуға үміткерлерді іріктеу үшін өтінімдерді қабылдауды 10 қыркүйекке дейін ұзартты, деп хабарлады Elorda.info.
Әлемнің түрлі елдерінен келетін талапкерлерді байқаудың үш кезеңі күтеді, соның қорытындысы бойынша қазылар алқасы 10 дарынды жас вокалисті таңдап алады. Олар бір жыл бойы еліміздің бас театрының қабырғасында үздік шетелдік және қазақстандық коучтердің сабақтарында өз шеберліктерін шыңдайды.
Astana Opera Халықаралық опера академиясының жастар бағдарламасына іріктеу шарты бойынша тыңдауға қатысуға жоғары, орта арнаулы (аяқталған/аяқталмаған) музыкалық білімі бар 18-35 жастағы үміткерлер жіберіледі. Сопрано, меццо-сопрано, контральто, контртенор, тенор, баритон, бас секілді әншілік дауыстардың барлық диапазон иелері академия тыңдаушылары бола алады.
Онлайн түрде өтетін бірінші іріктеу турына қатысу үшін түрлі стильге және дәуірге жататын екі арияны орындап, бейнежазбаға түсіріп алу қажет. Екінші тур қатысушыларының рояльдің сүйемелдеуіндегі жанды ән шырқауын тыңдау «Астана Операда» өтеді. Үшінші тур қазан айының басында оркестрдің сүйемелдеуімен театр сахнасында өтеді деп күтілуде. Қазылар алқасының құрамына опера әлемінде танымал вокал ұстаздарын шақыру жоспарлануда.
Тыңдаушыларды танымал коучтерінің шеберлік сағаттары күтеді. Халықаралық академия бағдарламасы басты опера тілдерін (итальян, француз, неміс), актерлік шеберлік пен сахна қозғалысын үйретуді қамтиды.
Айта кету керек, Astana Opera Халықаралық опера академиясы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен құрылып, жұмыс істеуде. Бұл академия «Астана Опера» театрының имиджін нығайтуға бағытталған және ол театр дамуының берік негізі болып табылады.
![Елордада жеті автобустың жүру бағыты өзгерді](/img/articles/f6c012fe7fd5f7c9bbc5209257747c4a.jpg)
![Астананың миллионыншы тұрғыны екінші сыныпқа көшті](/img/articles/04e277126c73ae8e00686f0d27967cbc.jpeg)
![Ардагерлер көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)