00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Астана мектептерінде буллингке қарсы бағдарлама іске қосылды

01.06.2024 | 09:45
Олжас Сүлейменов
129
Астана мектептерінде буллингке қарсы бағдарлама іске қосылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астананың бес ауданында оқушыларға, ата-аналарға тегін психологиялық-консультациялық көмек көрсету кабинеттері ашылды. Бұл туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Кабинеттер Қаланың әдістемелік орталығы, «Ұстаздар үйі», №22, №54, №88 мектептердің базасында құрылды.

«2024 жылдың басынан бастап 336 бала мен 377 ата-ана кеңес алды. Қазіргі уақытта қалалық психологиялық қолдау орталығын ашу жұмыстары жүргізілуде. Орталық базасында диагностикалық, түзету-дамыту, консультациялық, психопрофилактикалық қызметтер жүзеге асырылатын болады», - деді ведомство басшысы.

Қазіргі уақытта елорданың білім беру ұйымдарында буллингке қарсы бағдарлама іске асырылуда.

Ол үшін пилоттық жобаға 5 мектеп (Алматы ауданының №72 мектебі, Байқоңыр ауданының №16 мектебі, Нұра ауданының №79 мектебі, Есіл ауданының №24 мектебі, Сарыарқа ауданының №6 мектебі) енгізілді.

«Осы бағдарлама аясында қорқытудың алдын алу және азайту, буллингтің анықталған жағдайларын шешу бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады. Сондай-ақ мұғалімдерді оқушылардың жай-күйінің дәрежесін анықтау дағдыларына оқыту жоспарланып отыр. Елорданың бес мектебінде оқушылар арасында қорқытудың алдын алу мақсатында (№4, 24, 25, 72, 74) пилоттық режимде Оқу-ағарту министрлігінің «ДосболLike» бағдарламасы іске асырылып жатыр», - деді Қасымхан Сенғазыев.

Все новости