Мемлекеттік академиялық филармония биыл жүзден астам іс-шара өткізеді – Ерлан Дәкенов
![](/img/articles/uploads/63d8d4f6bdfbb437696454_696855e471.jpg)
Бұл туралы Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры Ерлан Дәкенов брифингте айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы 2023 жылға жүзден астам іс-шара жоспарлап отыр. Филармония сахнасында халықтың сүйіспеншілігіне бөленген бағдарламалар, сондай-ақ елордалық концерттік ұйымның он екі ұжымының жаңа авторлық жобалары да өтеді.
Қаңтар айында академиялық вокал бөлімі Еркеғали Рахмадиевке арналған «Таң самалы» атты концертін ұсынды. Қазақ оркестрі күнтізбелік жылын «Күй атасы – Құрманғазы» концертімен ашады, одан кейін Ахмет пен Ғазиза Жұбановтарға арнау концертін дайындайды. Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы филармония орындаушыларын «Есіңе мені алғайсың...» жобасына шабыттандырды. Ақан серінің 180 жылдығына дәстүрлі әншілер «Дала дәстүрі» кешін әзірлеу үстінде, ал симфониялық оркестр композитор Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығын еске алады, – деді Е.Дәкенов.
Жақында «ALEM» заманауи хореографиялық балетінде жарқын премьера – «SOLO» пластикалық дивертисмент-спектаклі өтеді. Камералық хор бірнеше бағдарламаларды, оның ішінде шақырылған қонақтар – Германиядан келген балалар хорымен бірлескен концерт өткізуді жоспарлап отыр. Үрлемелі оркестр жиі премьералармен қуантады, ал биыл «Божественная комедия», «Музыка водных стихий», «Тik-tok» және т.б. концерттерін ұсынбақ.
![Елордада жеті автобустың жүру бағыты өзгерді](/img/articles/f6c012fe7fd5f7c9bbc5209257747c4a.jpg)
![Астананың миллионыншы тұрғыны екінші сыныпқа көшті](/img/articles/04e277126c73ae8e00686f0d27967cbc.jpeg)
![Ардагерлер көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)