Елордада IV халықаралық энергия үнемдеу форумы өтіп жатыр
![](/img/articles/uploads/636dd55524e3b182416523_461c601fed.jpg)
Астанада энергия үнемдеу мәселелеріне арналған халықаралық форум жұмысын бастады, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Энергия үнемдеу күніне орай ұйымдастырылған төртінші халықаралық форумға қош келдіңіздер. Энергия үнемдеу және оның тиімділігін арттыру мәселесі күн тәртібінде тұр. Соңғы 5 жылда әлем бойынша энергияның орташа сыйымдылығы 1,3%-ға төмендеген. Бұл көрсеткіш 2011-2016 жылдармен салыстырғанда 2 есе аз (2,3%). Қазақстан - энергияны көп қажет ететін елдердің бірі. Энергия үнемдеу саясатын белсенді жүргізудің арқасында жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын 2008 жылғы деңгейден 38%-ға төмендетуге қол жетті, - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев форумның ашылу салтанатында.
Оның айтуынша, бюджет секторында энергия үнемдеу үшін еуропалық стандартқа сай ғимараттар, технологиялар, жабдықтар саласында бірқатар талаптар енгізілді.
Елімізде 2012 жылдан бастап энергия аудиті өткізіліп келеді. Оның нәтижесінде 323 млрд теңге сомасына энергия тиімділігі жөніндегі іс-шаралар іске асты. Бұл бізге жылына 82 млрд теңге үнемдеуге көмектесті. Сонымен қатар биыл энергияны тиімді пайдалануды ілгерілету мақсатында «Энергия үнемдеу туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сол арқылы Голландия тәжірибесіне сүйене отырып мемлекеттік сатып алудың жаңа тетігін енгіздік. Біз мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісінің ұғымын кеңейттік, оған сәйкес бюджеттік сектор ұйымдарын толық қамту және олардың энергия тұтыну мониторингі қамтамасыз етіледі, - дейді ол.
Айта кетсек, аталған форумға мемлекеттік құзырлы органдар өкілдері, отандық және шетелдік энергия өндіретін ұйымдары мен сала мамандары қатысып жатыр.
![](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Астанада қала күніне орай «Асыл мұра» концерті өтті](/img/articles/1648264bf82fc5f3b1d0cc1a9e53328d.jpeg)
![Роза Асылбекова: Астананың Арқаға көшетінін естігенде «Сәкеннің арманы орындалды» деп қуандық](/img/articles/939617de9ac9eec715892c1c675eb645.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)