00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордада экологиялық акция өтті

31.03.2023 | 18:26
Елорда ақпарат
101

Елордада «Бірге – таза Қазақстан!» республикалық акциясы аясында «Біз табиғаттағы қоқысқа қарсымыз!» экологиялық акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлады Elorda.info.

Акцияның басты мақсаты – жұртшылықтың, әсіресе, жастардың назарын орман екпелерін, демалыс орындарын қоқыспен ластау проблемасына аудару, елордадағы экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау және табиғатпен үйлесімді өмір сүретін қоғамның мәдениетін қалыптастыру.

Қазіргі таңда әлемдегі қоқыс мәселесі – негізгі тақырыптардың бірі. Өнеркәсіптің қарқынды дамуы мен тұтыну көлемінің артуына байланысты өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың саны күрт өсіп келеді. Әлемдік ластану адамдарға ғана жағымсыз әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар жануарларға, өсімдіктерге және қоршаған ортаға зиянын тигізеді.

Біз табиғатты ластауға қарсымыз!» экологиялық акциясы аясында елордада сенбілік ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға бір ай бойы үш мыңнан астам адам жұмылдырылды. Олардық арасында оқушылар, студенттер, белсенді волонтерлер және экологияға жаны ашитын жанашыр жандар да қатысып жатыр. Акцияның мақсаты – қаладағы қоқыстарды тазартып, экологияға мейірімділік таныту, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

 

Елорданың барлық ауданында экологиялық акция өтіп жатыр. Астананы қоқыстан тазарту экологияны жақсартып қана қоймай, қаланың климаттық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Экологиялық акция аясында елорданың жасыл белдеуінің аумағы, азаматтардың жаппай демалатын орындары қоқыстан тазартылды.

Айта кетейік, акцияға қала тұрғындары, еріктілер, эко-белсенділер, шағын және орта бизнес субъектілері, сол сияқты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қоқыс жинау арқылы елорданың экологиялық дамуына өз үлестерін қосты.

Все новости