00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

«Біз табиғатты ластауға қарсымыз!»: елордада экологиялық акция өтіп жатыр

31.03.2023 | 17:51
Елорда ақпарат
103

Астанада «Бірге – таза Қазақстан!» республикалық акциясы аясында «Біз табиғатты ластауға қарсымыз!» атты экологиялық акция өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Қазіргі таңда әлемдегі қоқыс мәселесі – негізгі тақырыптардың бірі. Өнеркәсіптің қарқынды дамуы мен тұтыну көлемінің артуына байланысты өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың саны күрт өсіп келеді. Әлемдік ластану адамдарға ғана жағымсыз әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар жануарларға, өсімдіктерге және қоршаған ортаға зиянын тигізеді.

«Біз табиғатты ластауға қарсымыз!» экологиялық акциясы аясында елордада сенбілік ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға мыңнан астам адам жұмылдырылды. Олардық арасында оқушылар, студенттер, белсенді волонтерлер және экологияға жаны ашитын жанашыр жандар да қатысып жатыр. Акцияның мақсаты – қаладағы қоқыстарды тазартып, экологияға мейірімділік таныту, - дейді Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Аян Ерментаев.

Елорданың барлық ауданында экологиялық акция өтіп жатыр. Астананы қоқыстан тазарту экологияны жақсартып қана қоймай, қаланың климаттық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі экологиялық акцияға мен де өз үлесімді қосып жатырмын. Қаламызды қоқыстан тазартып, табиғатты аялайық, - деді еріктілердің бірі Марал Есекешова.

Экологиялық акция аясында елорданың жасыл белдеуінің аумағы, азаматтардың жаппай демалатын орындары қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ армрестлинг, арқан тарту, гір көтеру спорты бойынша конкурстар өтті.

Айта кетейік, акцияға қала тұрғындары, еріктілер, эко-белсенділер, шағын және орта бизнес субъектілері, сол сияқты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қоқыс жинау арқылы елорданың экологиялық дамуына өз үлестерін қосты.

Все новости