Елордалық «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің журналистері оқырмандармен жүздесті
![](/img/articles/uploads/633e51cb44fce766083236_2e5f02de91.jpg)
Астанада «Баспасөзге жазылушылар» мерекесі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
«Қазпошта» АҚ «Астана почтамты» астаналық филиалы ұйымдастырған іс-шараға «Егемен Қазақстан», «Казхахстанская правда», «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана», «Айқын», «Литер», «Түркістан», «Қазақстан кәсіподағы», «Елорда білімі», «Жаңа бастау» газеттері, «National geographic» журналы және басқа да баспасөз өкілдері қатысты.
Мерекелік іс-шара барысында оқырмандар газет-журнал басшыларымен, сондай-ақ журналистермен сұхбаттасып, өздерінің ойларын ортаға салды. Ал өз кезегінде редакция өкілдері «Астана почтамт» мекемесінің басшылығына әріптестік қарым-қатынастары үшін ризашылықтарын білдіріп, бірқатар почта қызметінің ардагерлеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар берді.
Мен «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің оқырманымын. Осы басылымдардан барлық жаңалықты, өзімізге қажетті ақпаратты аламыз. Бүгінгі іс-шараға арнайы келдім. Журналистермен кездескім келді. Рахметімді айттым. Астаналық газеттерге міндетті түрде жазыламын, – деді МИБ төрағасы Болат Әбенов.
Іс-шара барысында газетке жазылушылар да табылды. Солардың бірі журналистика ардагері Ғалия Балтабай болды.
Мен радио журналисімін. Бірақ газет-журнал деген менің рухани азығым. Редакция қызметкерлеріне шығармашылық шабыт тілеймін. Ырым болсын деп алдағы жылға «Астана ақшамы» газетіне жазылдым, – деді оқырманымыз.
Баспасөзге жазылушылар мерекесі шын мәнінде оқырман мен журналистердің жүздестірген, ойлы ұсыныстар ортаға салынған игі іс-шара болды. Осындай іс-шараны ұйымдастырған «Астана почтамт» ұжымына «Elorda Aqparat» медиакомпаниясының директоры Олжас Сыдықбек әріптестік қарым-қатынас үшін алғысын айтып, халық үшін жасап жатқан берекелі істеріне сәттілік тіледі.
Мерекелік іс-шара мекеме қызметкерлерінің концертіне ұласты.
Ғалым ҚОЖАБЕКОВ
![Астананың миллионыншы тұрғыны екінші сыныпқа көшті](/img/articles/04e277126c73ae8e00686f0d27967cbc.jpeg)
![Ардагерлер көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Астанада қала күніне орай «Асыл мұра» концерті өтті](/img/articles/1648264bf82fc5f3b1d0cc1a9e53328d.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)