00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордада күзгі сенбілік айлығы басталды

31.03.2023 | 17:11
Елорда ақпарат
89

Бүгіннен бастап 17 қазанға дейін қаланың барлық аудандарында сенбілік өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жалпықалалық сенбілікке қала тұрғындары және мекеме қызметкерлері де қатысты.

Қаржы министрлігінің қызметкерлері  Сарыарқа ауданындағы Ә. Кенжин көшесінен Тілендиев даңғылымен айналма жолдағы көпірге дейінгі аумақты тазалады.

Жыл сайын әлем бойынша тазалық күні атап өтіледі. Біздің министрлік жалпықалалық сенбілікті назардан тыс қалдыра алмады. Бүгін осы жерде біздің бөлімшенің барлық қызметкерлері бар.  Қоршаған орта-бұл біздің үлкен үйіміз, және ол әрқашан таза болуы керек. Әр сенбі сайын бізге бекітілген аумақты тазалап шығуды жоспарлап отырмыз. Адамдар демалғанды ұнатады, содан кейін қоқысты тазартуды ұмытып кетеді. Мұндай іс - шаралар қоршаған ортаны құрметтеу, оған ұқыпты қарау қажеттігін айқын көрсетеді, - дейді мемлекеттік аудит комитетінің басқарма бастығы Балтабек Халық.

Демалыс күніне қарамастан, сенбілікке 20 мыңнан астам Алматы ауданының тұрғындары қатысты. Мемлекеттік қызметкерлер, шағын және орта бизнес өкілдері, әлеуметтік нысандар қызметкерлері өздеріне бекітілген жерді таза ұстау үшін барлық қажетті заттармен қамтылды. Белсенділер қоқысты жинап, адамдар көп жиналатын жерлерді тазалады. Жиналған қалдықтарды шығару үшін жүк машиналары тартылды. 

Бүгін күзгі сенбілік айлығы басталды. Біз оларға мектеп оқушылары мен студенттердің қатысқанын қалаймыз. Бүгінгі таңда экологиялық мәселе бірінші орында, сондықтан тазалықты сақтау және табиғатты қорғау маңызды. Қаланың көркеюіне әр адам үлес қоса алады, - деді Еуразия ұлттық университетінің қызметкері Әбдіқаһар Сламқұл.  

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушылары мен 90-нан аса студенттер Есіл өзенінің бір арнасы Ақбұлақтың жағалауын және сол маңдағы парктер мен демалыс аумақтарын тазалады.

Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының өкілі Арсен Абдрахмановтың сөзінше, студент жастардан бөлек, шағын және орта бизнес өкілдері, әлеуметтік сала қызметкерлері, өндіріс орындарының мамандары сенбілікке қатысып жатыр.

Әр саналы азамат өзі тұратын қаланың, елді мекеннің таза, көрікті болуы үшін үлес қосуы керек. «Ауылына қарап, азаматын таны» деп осыдан айтылған емес пе?!  Меніңше, Біздің ауданның тұрғындары тазалық жұмысына белсенді қатысуда, – дейді мемлекеттік қызметкер.

Сенбілік аясында кіші Талдыкөл айналасына 500 түп ағаш отырғызылды. Мұндағы жұмыстарды Нұр-Сұлтан қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы ұйымдастырды. Қоғамдық жұмысқа студенттер мен еріктілер және оқушылар да қатысты.

 Бүгін міне бүкіл әлемде Халықаралық тазалық күні өтіп жатыр. Соған қоса 15 қыркүйектен бастап қаламызда Экологиялық айлық басталды. Соның аясында әр сенбі сайын қаланың барлық жерінде сенбіліктер өтеді. Ал біздің басқарма бүгін осы кіші Талдыкөл су қоймасының айналасына 500-ден астам тал отырғызады.  Жоспарымызда 2000 талға дейін отырғызу бар, - деді аталған басқарма басшысының орынбасары Жанар Бескемпірова.

     

Сенбілік аясында «Мемлекеттік күзет қызметі» ҚБ ардагерлерінің ұрпақтарынан құрылған әскери патриоттық «Жас қалқан» клубының жастары да  ағаш отырғызуға атсалысты. Топ жетекшісі Бақберген Керейдің айтуынша, мұндай шаралардың балаларға патриоттық тәрбие беруде маңызы зор.

Қоқыс сұрыптаумен айналысатын «Clean City NC» ЖШС қоғаммен байланыс қызметі бөлімінің басшысы Бақытжамал Әубәкірова балалар арасында экологиялық ойын өткізіп, сол арқылы қоқыстарды қалай сұрыптауды үйретті. Сонымен қатар олар белсенді жастарды Алғыс хаттар және экосөмкемен марапаттады.

Дайындаған Дана АМЕНОВА

Все новости