Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында астана атауы бекітілді
![](/img/articles/uploads/6322dc81e9ef2706271058_b01942ca70.jpeg)
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында Қазақстан елордасын Астана деп қайта атау мәселесі қаралып, бекітілді. Қала әкімінің орынбасары Есет Байкеннің қатысуымен өткен жиында негізгі баяндаманы шаһардың Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп жасады, деп хабарлады Elorda.info.
Еліміздің астанасын Нұр-Сұлтан қаласының атын өзгерту мәселесі – соңғы үш-төрт жылдың көлемінде жиі көтерілген мәселелердің бірі. Мұны әлеуметтік желілерден, интернеттегі әртүрлі платформалардан, баспасөз беттерінен, тіпті офлайн форматта болып жатқан әртүрлі кездесулерден өздеріңіз де естіп, көріп-біліп жүрсіздер, - деді Сәкен Есіркеп.
Оның айтуынша, осы жылдың басынан бері қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына және қалалық Ономастика комиссиясына Нұр-Сұлтан қаласын Астана қаласы деп қайта атау туралы ресми түрде 17 ұсыныс келіп түскен. Сонымен қатар Парламент Мәжілісіндегі «Жаңа Қазақстан» аталатын арнайы депутаттық топ елорданың бұрынғы атауын қайтару жөнінде үндеу жасады. Осы ұсыныстар ескеріліп, 14 қыркүйек күні өткен Нұр-Сұлтан қаласының Ономастика комиссиясында мәселе талқыланып, мақұлданды. Бүгін өткен қалалық мәслихаттың қоғамдық тыңдауларында да бұл ұсыныс қолдау тапты.
Қалалық мәслихаттағы Amanat партиясы фракциясының жетекшісі Азамат Айтхожин «Астана» атауы брендке айналғанын атап өтті.
Мен - Астана қаласының тумасымын. Халықпен кездесулерде өз басым да, өздеріңіз де қала атауы қайтадан Астана болсын деген ұсыныстарды естіп жүрсіздер. Өзім жиырма жылдан астам спорт саласында жұмыс істеймін. Қазір бізді төрткүл әлем Астана деп таниды. «Астана» велоклубы, «Астана» футбол клубы, «Астана» баскетбол клубы бүгіндері бүкіл елдің аузында. Меніңше, астанамыз қайтадан Астана атауын иеленуге лайық, - деді Азамат Айтхожин.
«Ақ жол» демократиялық партиясынан қалалық мәслихатқа сайланған Асқар Смағұлов астана атауын ауыстыру әлемдік практикада бар екенін айта келе, ұсынысты қолдады. Қазақстан халық партиясының қалалық мәслихаттағы өкілі Нұрдәулет Оразханов та қолдайтынын жеткізді. Мәслихат депутаты Владислав Сергеев бұл тарихи күн екенін айтты.
Сессияны түйіндеген қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов осы жиынның алдында өткен қоғамдық тыңдауларға Фейсбук арқылы қатысқан азаматтардың барлық пікірлері ескерілгенін жеткізді.
Енді бұл ұсыныс Үкімет жанындағы республикалық Ономастикалық комиссияға жолданады.
Аманғали ҚАЛЖАНОВ
![](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда тұрғындарының саны 1,5 миллионға жуықтады](/img/articles/07d40791a6a74284eb2bf99b8d258fb6.jpeg)
![Астанада қала күніне орай «Асыл мұра» концерті өтті](/img/articles/1648264bf82fc5f3b1d0cc1a9e53328d.jpeg)
![Роза Асылбекова: Астананың Арқаға көшетінін естігенде «Сәкеннің арманы орындалды» деп қуандық](/img/articles/939617de9ac9eec715892c1c675eb645.jpeg)
![Елордада «Театрлы Еуразия» халықаралық фестивалі өтеді](/img/articles/2a232e2fd64d9110f856f901cdcd094d.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)