00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордада 17 қыркүйекте жалпықалалық сенбілік өтеді

31.03.2023 | 17:06
Елорда ақпарат
79

Нұр-Сұлтанда 17 қыркүйек пен 15 қазан аралығында жыл сайын қысқы кезеңге дайындық және жасыл желектерді отырғызу бойынша «Бірге таза Қазақстан» жалпықалалық күзгі экологиялық айлығы өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Коммуналдық қызметтер және мердігерлік ұйымдар мынадай жұмыстар жүргізеді: қоғамдық аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру, көгалдандыру объектілерін (саябақтар, скверлер, аллеялар) жөндеу және қалпына келтіру, кварталішілік абаттандыру, балалардың ойын және спорт алаңдарын жабдықтау, төселген тастарды, жиектастарды, шағын сәулет нысандарын қалпына келтіру, көпірлер мен жол өтпелерінің құрылымдарын, қоршауларын жуу, аялдамалардағы павильондарды жөндеу және тазалау, контейнер алаңдары мен қоқыс контейнерлерін санитарлық тазалау және т.б.

Сонымен қатар, экологиялық айлық аясында 10 мыңнан аса жасыл желек отырғызу жоспарланған.

Сол сияқты айлық және жыл сайынғы «Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day 2022)» экологиялық акциясы аясында 17 қыркүйек күні елордада жалпықалалық сенбілік өтеді.

Акцияның мақсаты – қоғам назарын табиғатты сақтаудың маңыздылығына аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын, оқушылар мен студенттерді, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ волонтерлер мен экологиялық ұйымдарды жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырамыз, – делінген хабарламада.

Все новости