00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

«Астанаэнергосбыт» ЖШС «Астана-АЭК» АҚ-ға функцияларының бір бөлігін береді

25.02.2023 | 12:26
Айман Нығмет
70

«Астана-АЭК» АҚ 2022 жылдың бірінші шілдесінен бастап көппәтерлі тұрғын үй қоры (КТҚ) бойынша қосымша функцияларды орындауды бастады:

КТҚ электр энергиясын есепке алу құралдарының көрсеткіштерін ай сайын алу (есепке алу құралы пәтерде орнатылған жағдайда, техникалық жай-күйін тексеру үшін бақылаушыны кіргізу қажет). Айдың 10-күнінен бастап соңына дейін есепке алу құралдарының көрсеткіштерін беру арқылы тұтынушының өзіне-өзі қызмет көрсетуіне жол беріледі:

Есептік айдағы электр энергиясының көлемімен тізілімді қалыптастыру және көрсетілген қызметтерді КТҚ есептеу үшін энергиямен жабдықтаушы ұйымға мәліметтерді беру;

КТҚ және кондоминиум объектілерінде электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пломбалау;

КТҚ-да электр энергиясын есепке алудың дұрыстығын тексеру, ұрлауды және шартсыз пайдалануды анықтау;

КТҚ тұтынушыларымен, жеке сектормен және заңды тұлғалармен энергиямен жабдықтау шартын жасасу үшін құжаттарды жинау және оларды энергиямен жабдықтаушы ұйымға беру;

КТҚ тұтынушыларын дебиторлық берешек үшін желілерден ажырату/қосу. Тұтынушы тұтынылған электр энергиясы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сараланған есепке алу жүйелері бойынша төлемді уақытылы жүргізуі қажет.
Жоғарыда аталған функцияларды бұрын энергиямен жабдықтаушы ұйым «Астанаэнергосбыт» ЖШС жүзеге асырғанын атап өткен жөн. «Астана-АЭК» АҚ жоғарыда айтылған функциялардың кезең-кезеңмен ауысуы кезінде «Астанаэнергосбыт» ЖШС-мен өзара іс-қимылды жалғастырады: 1 шілдеден бастап Есіл ауданы, 1 тамыздан Сарыарқа ауданы, 1 қыркүйектен бастап Алматы ауданы, 1 қазаннан Байқоңыр ауданы.

 

Все новости