00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордада сенбілікте 20 тоннадан астам қоқыс шығарылды (ФОТО)

25.02.2023 | 10:05
Елорда ақпарат
70

Қаланың 26 ұйымынан 500-ден астам адам Сарыбұлақ өзені мен Нұра-Есіл каналының бойындағы аумақты қоқыстан тазартты.

Сенбілікке еріктілер, басқармалар, аудан әкімі аппараттары мен Нұр-Сұлтан қаласы Экология департаментінің ұжымдары белсенді қатысты.

Бірнеше сағат ішінде қалалық полигонға 20 тонна қоқыс шығарылды.

Іс-шара қоғамның назарын қоршаған ортаның ластану проблемасына, табиғатты сақтаудың маңыздылығына және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған, - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Все новости