00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордада тұрмыстық зәбір көрген отбасыларға көмек көрсетілді

25.02.2023 | 09:22
Аяулым Алтынбек
112

Оған аталған комиссияның хатшысы Қарлығаш Саркенова, комиссия мүшелері, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға қолдау көрсететін «Қорғау-Астана» жеке қорының төрайымы Анна Рыль, елорда әкімдігінің қолдауымен құрылған «Үміт» дағдарыс орталығының директоры Ғалихан Куканбеков, Нұр-Сұлтан қалалық ПД Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімнің аға инспекторы, полиция подполковнигі Гүлмира Шрахметова, «Бақытты отбасы» әйелдерге арналған ақпараттық кеңес-білім беру орталығының басшысы Ырза Тұрсынзада қатысты.

Отырыс басталмас бұрын олар тұрмыстың тауқыметін көрген, өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған жандармен кездесіп, олардың жағдайымен жіті танысып, әйелдерге қолдау білдірді.

Республикалық акцияның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау, осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы жұртшылықты хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту, қоғамдағы құқықтық тәрбиені насихаттау.

Отбасындағы зорлық-зомбылық – кез келген төртінші отбасында байқалатын жойқын әлеуметтік процесс. Ауыр зорлық-зомбылық қылмыстардың 40 пайызына дейінгісі отбасыларда жасалады, қасақана кісі өлтірудің үштен екісі отбасылық жанжалдарға байланысты болады. Бұл қылмыс құрбандарының көбісі – әйелдер мен балалар. Осы орайда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Үміт» дағдарыс орталығы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуде. Жыл басынан бері орталыққа 121 адам келген, оның 36-сы – әйелдер, 85-і – балалар, - деді «Үміт» дағдарыс орталығының директоры Ғалихан Куканбеков.

Отырыста тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандардың негізгі проблемалары көтерілді. Олардың ішінде әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, құқықтық көмек көрсету мәселелері бар.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен өмірлік қиын жағдайларға тап болған әйелдермен кездестік. Осындай орталықтардың арқасында күйеулерінен зәбір көрген әйелдер өз мәселелерін шеше алды. Күйеусымақтардың әйелдерге күш көрсетуі – ер азаматтардың уланған санасының көрінісі. Олармен құқық қорғау органдары жеке сөйлесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Барар жері жоқ әйелдерді паналатып, оларға көмек көрсетіп жатқандарға алғысымды айтамын. Өз тарапымнан оқимын деген әйелдерді өз орталығыма шақырып, оларға қолдау көрсетуге дайынмын, – деді «Бақытты отбасы» әйелдерге арналған ақпараттық кеңес-білім беру орталығының басшысы Ырза Тұрсынзада.

Қазіргі таңда балаларды балабақшаға орналастыру қиындық тудырып отыр. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ырза Тұрсынзаданың «Бақыты отбасы» орталығының қолдауымен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасылардың 10 баласы балабақшаға кезексіз, тегін орналастырылды. Жұмыссыз жүрген әйелдер осы орталықта тегін курстан өтіп, әрі қарай жұмысқа да орналастырылмақ.

Біз қиын жағдайға тап болған әйелдерге әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмек көрсетудеміз. Оларға барынша қолдау қажет деп ойлаймын. Олардың ішінде 30 жыл бойы күйеуінің тарапынан зәбір көрген әйел бар. Ол өзінің көрген қорлығын айтып берді. Онымен психологтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сөйлесіп, кеңес берді. Ол әйел өзін қолға алып, нәтижесінде күйеуі де ішімдікті тастап, олар қайта қосылған. Бұл – үлкен нәтиже.  Комиссия қиын жағдайға тап болған әйелдер көтерген мәселені бүгін ортаға салып, қордаланған мәселенің шешімін табуға ықпал етті десе де болады. Комиссия өз жұмысын әрі қарай жалғастыра бермек, - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Қарлығаш Саркенова.

 

 

Все новости