00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордада ерекше балалар арасында спорттық эстафета сайысы өтті (ФОТО)

25.02.2023 | 07:40
Елорда ақпарат
176

Балалар жылына және 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай өткізілген іс-шараның өтуіне түрлі әлемдік додаларда, Олимпиада ойындарында көк туымызды желбіретіп, сан мәрте әнұранымызды шырқатып жүрген Серік Сапиев, Мерей Ақшалов, Марина Вольнова, Абзал Әжіғалиев, Дмитрий Морозов, Валентина Хальзова, Жасұлан Әкімжан, Әлішер Кәрменов және Сәбит Жүсіп сыңды спортшылар  атсалысты.

Іс-шарада қалалық Спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев жігерлі өрендерге сәттілік тіледі.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамнан тыс қалмауына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп келеді. Бүгінде бұл жандарға кедергісіз аймаққа айналуды көздеген түрлі әлеуметтік, психологиялық шаралар аясы қаламызда  ауқымын кеңейтіп келеді. Біздің мақсат мүмкіндігі шектеулі балаларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру және дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.  Сонымен қатар, балалардың өздерін қоғамға пайдасы бар адам ретінде сезіндіруге атсалыстыру, – деді ол.

Ұлттық рухты ұлықтап, еліміздің намысын әлемдік додаларда қорғап жүрген бірқатар спортшының сүйемелдеуімен өткен спорттық эстафетада балақайлар әр топқа бөліне отырып, әр кезең бойынша сыңға түсті.

Жарыста балалар доп лақтыру, кедергілерден өту, ұзындыққа жарысу сынды сайыс түрлерінен өзара бақ ­сынасты. Балаларының жеңіске деген ұмтылысына тәнті болған ата-аналар мұндай сындар көмекті қажет ететін кішкентайларға жігер беріп, өмірге деген оң көзқарастарын қалыптастыратынын атап өтті.

Эстафета соңында оқ бойы озық шыққан топтар марапатталып, жарысқа қатысқан барлық балаға арнайы дайындалған сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

 

Все новости