Елордалық спортшылар ЭКСПО маңындағы алаңда ағаш отырғызды
Акцияға беделді халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын танымал спортшылар қатысты.
Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов, шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мәдиғали Қарсыбеков, Қысқы Олимпиада ойындарының қатысушылары Яна Хан, Абзал Әжғалиев және басқа да спортшылар қаламызды көгалдандыруға өз үлестерін қосты.
Ағаш отырғызу-тазалық пен жақсылықтың белгісі. Менің ойымша, әрбір азамат қоршаған ортаны қорғау, оның тазалығы, аумақты абаттандыру, көгалдандыру үшін үлкен жауапкершілікті өз мойнына алуы тиіс. Бұл - ортақ іс. Бүгін біз ағаш отырғызып, қолтаңба қалдырамыз, бұл оқиға тек жақсылықтың символы ғана емес, сонымен қатар еліміздің абаттандырылуына қосқан аз ғана үлес деп санаймын, - деді шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков.
Экоакцияның негізгі мақсаты-қаланың көркеюіне үлес қосу.
Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев қайырымдылық акциясы жыл сайынғы дәстүрге айналғанын атап өтіп, спортшыларға алғысын білдірді.
Айта кету керек, өткен аптада Нұр-Сұлтанда көктемгі санитарлық-экологиялық айлық басталды. Елордалық 300-ден астам спортшымен бірге спорт басқармасының ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері көшелерді тұрмыстық және өсімдік қалдықтарынан тазалап, қаланы абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Ер адам бұл өмірдегі үш нәрсені өзінің міндеті деп санайды. Бұл ұлды тәрбиелеу, үй салу және ағаш отырғызу. Мен үшін Астанада ағаш отырғызу және қаланың гүлденуіне үлес қосу үлкен мәртебе. Бізге осындай мүмкіндік бергені үшін қалалық әкімдікке және Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына рақмет, - деп атап өтті бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов.
![Орталық касса қай күндері жұмыс істемейді](/img/articles/ca9a3c235d0b004232da5204fd9583ab.jpg)
![Елордада жеті автобустың жүру бағыты өзгерді](/img/articles/f6c012fe7fd5f7c9bbc5209257747c4a.jpg)
![Астананың миллионыншы тұрғыны екінші сыныпқа көшті](/img/articles/04e277126c73ae8e00686f0d27967cbc.jpeg)
![Ардагерлер көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)