00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордада жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр

25.02.2023 | 05:47
Елорда ақпарат
73

Жалпықалалық сенбіліктің негізгі мақсаты – қоғамның назарын қала көшелерінде тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне аудару.

«Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында елордада үш мыңға жуық ағаш отырғызылады.

Бүгінгі сенбілікке қала тұрғындары, еріктілер, эко-белсенділер, ПИК және МИБ ұжымдары, шағын және орта бизнес субъектілері, сол сияқты мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысуда.

Экологиялық айлық аясында саябақтар, скверлер, аулалар, сондай-ақ сауда нысандары, қоғамдық тамақтану орындары және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтар тазаланып жатыр.

Айта кетейік, «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында елордада апта сайынғы сенбіліктерге 80 мыңнан астам адам, 10 мың кәсіпорын мен ұйым қатысады.

Экологиялық акция барысында жалпы ауданы 5,5 млн м2 астам саябақтар мен гүлзарлар тазартылып, 12 мыңнан астам көшет отырғызылады.
 

Все новости