00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Алтай Көлгінов астаналықтарға алғыс айтты

25.02.2023 | 05:16
Елорда ақпарат
91

Оның барысында жалпы ауданы 5,4 млн шаршы метрден астам жер тазартылды. Сол сияқты 4 мыңнан астам көшет (қарағай, қайың, емен, жөке, үйеңкі және т.б.) отырғызылды.

Полигонға 1 мың 860 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Қаланың тазалық жұмысына 123 мыңға жуық адам, 7 600-ден астам кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер қатысты.

Сенбілікке отбасылардың шыққаны қатты қуантады. Мұндай экологиялық акциялар қаламыздың тазалығына бірлесіп атсалысуға, оны көгалдандыруға, сол сияқты өскелең ұрпақты еңбекке баулуға септігін тигізеді. «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясына Мемлекет басшысы, ҚР Парламенті Палаталарының төрағалары, Премьер-министр, Президент Әкімшілігінің басшысы, Үкімет мүшелері, дипкорпус, еңбек ұжымдары, МИБ (ПИК) ұжымдары, волонтерлеріміз, сондай-ақ қаламыздың белсенді тұрғындары қатысты. Қаламыздың тазалығы үшін атсалысып, белсенді болғандарыңызға алғысым шексіз. Елордамыз таза әрі күннен күнге құлпырып келеді! – деп жазды А.Көлгінов.

Все новости