Елордада – сенбілік: Алматы ауданында 6 мыңнан астам ағаш отырғызылады
![](/img/articles/uploads/625a761b4b2d0722809045_dd25c41e7b.jpg)
Алматы ауданы бойынша игі іс-шараға 16 мыңнан астам адам атсалысты.
Аудан әкімінің орынбасары Рамиль Досмағанбетовтың айтуынша, сенбілікке аудан аумағындағы барлық жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, кәсіпорындар мен бизнес өкілдері қатысып, Қ.Аманжолов көшесінде орналасқан «Шабыт» университетінің маңына, Астана-Қарағанды тас жолының бойына ағаштар отырғызды.
Сондай-ақ мектеп, балабақша, емхана, аурухана секілді әлеуметтік нысандар айналасына сол күні 1 мыңнан астам тал-терек отырғызылды.
Бүгін ауа райы керемет, адамдардың көңіл-күйі де ерекше көтеріңкі. Қаламызды көркейтіп, көріктендіру мақсатында елорда тұрғындарымен бірге біздің партия мүшелері және қоғам белсенділері сенбілікке шықты. Мақсатымыз - бас қаламыздың тазалығына атсалысу және бұл шараға барлық елордалықтарды бір кісідей қатысуға шақырамын, - деді «Аманат» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов.
Жалпы, экологиялық айлық аясында аудан аумағында 6 мыңнан астам ағаш отырғызылады деп жоспарланып отыр.
Гүлбаршын Өкешқызы
![Орталық касса қай күндері жұмыс істемейді](/img/articles/ca9a3c235d0b004232da5204fd9583ab.jpg)
![Елордада жеті автобустың жүру бағыты өзгерді](/img/articles/f6c012fe7fd5f7c9bbc5209257747c4a.jpg)
![Астананың миллионыншы тұрғыны екінші сыныпқа көшті](/img/articles/04e277126c73ae8e00686f0d27967cbc.jpeg)
![Ардагерлер көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)