Елордада көктемгі санитарлық-экологиялық айлық басталады
![](/img/articles/uploads/6256a3d5cfa8a094694949_cb8e03bf81.jpeg)
Экологиялық айлық аясында қалада мынадай шаралар жүргізіледі: нөсер және арық-науалық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарлар мен өзге де аумақтарды қоқыстан тазарту, саябақтар мен гүлзарларда егілген көшеттерді күту жөніндегі маусымдық агротехникалық жұмыстар, көгалдар мен гүлзарлар орнату, рұқсат етілмеген тұстарға тасталған қоқыстарды, ластанған учаскелерді тазарту.
Сонымен қатар, 16 сәуірде жалпықалалық сенбілік өтеді. Қаланың барлық кәсіпорындарын, МИБ (ПИК), шағын және орта бизнес субъектілерін, волонтерлер мен белсенді қала тұрғындарын сенбілікке қатысуға шақырамыз. Сенбілікке қатысушылар арнайы құралдармен (күрек, тырма), қолғаптармен және қаптармен қамтамасыз етеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары жалпықалалық сенбіліктерге өз бастамасымен қатысып, кварталішілік (үй маңындағы) аумақтарды тазалай алады, – делінген хабарламада.
Елордада алдағы сенбі, 23 сәуірде жалпықалалық сенбілік және жаппай ағаш отырғызу іс-шарасы өтеді. Қала аумағын қыс мезгілінен кейін тазарту, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, гүлзарларды, аулаларды, сондай-ақ сауда нысандарына, қоғамдық тамақтану орындарына және басқа да ұйымдарға іргелес аумақтарды жинау жоспарланып отыр.
Алматы ауданының тұрғындары мына мекенжайларда ағаш отырғыза алады:
- Қошқарбаев даңғылы, Тәуелсіздік көшесінен Сарыкөл көшесіне дейін;
- Момышұлы даңғылы, Футбол федерациясы аумағы;
- Б.Момышұлы гүлзары;
- Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры;
- Есіл өзені бойындағы саябақ, 1-кезек;
- Жүргенов көшесі, Әзірбаев көшесінен Бөлекпаев көшесіне дейін.
Байқоңыр ауданында ағаш отырғызу іс-шарасы мына тұстарда өтеді:
- Жұбанов, 9;
- Асан қайғы, 8;
- Тәшенов, 17/1;
- Республика, 26;
- Иманова, 44;
- Бараев, 21;
- Жұбанов, 4;
- Кенесары, 70А;
- Кенесары, 42, 44 • 46;
- Уәлиханов, 9/1, 9/2, 9/3;
- Бөгенбай, 56;
- Кенесары, 50.
Есіл ауданында ағаш отырғызу іс-шарасы Ботаникалық бақта, желілік саябақта және Қ.Мұхамедханов көшесінде (Ш. Айтматов көшесінен Тұран даңғылына дейін) өтеді. Сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың және т.б. еңбек ұжымдарымен іргелес көгалды тұстар аумағына ағаш отырғызу және маңайын қоқыстан тазарту жоспарланып отыр.
Сарыарқа ауданында көшелер ғана емес, елді мекендер де көгалдандырылады. Мысалы, Көктал-2 елді мекенінің Ақмола және Ұлытау көшелері бойында отырғызылады. Сондай-ақ, аудан тұрғындарымен, кәсіпорындар мен ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің еңбек ұжымдарымен және т.б. іргелес көгалды тұстарда жаппай ағаш отырғызу және аумақты тазарту жоспарланып отыр.
«Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында елордада апта сайынғы сенбіліктерге 80 мыңнан астам адам, 10 мың кәсіпорын мен ұйым қатысады деп күтіліп отыр. Экологиялық акция аясында жалпы ауданы 5,5 млн шаршы метрден астам саябақтар мен гүлзарлар тазартылып, 12 мыңнан астам көшет отырғызылатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Нұр-Сұлтанда миллионнан астам жасыл желек отырғызылған.
![Орталық касса қай күндері жұмыс істемейді](/img/articles/ca9a3c235d0b004232da5204fd9583ab.jpg)
![Елордада жеті автобустың жүру бағыты өзгерді](/img/articles/f6c012fe7fd5f7c9bbc5209257747c4a.jpg)
![Астананың миллионыншы тұрғыны екінші сыныпқа көшті](/img/articles/04e277126c73ae8e00686f0d27967cbc.jpeg)
![Ардагерлер көшесіне орташа жөндеу жүргізіледі](/img/articles/98536f2f239dd6ab4ead8010729d7284.jpg)
![Елордадағы су айдындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді](/img/articles/6259aa1d27eac0cf5f76d1604fb34461.jpg)
![Астанада түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының ескерткіші ашылды](/img/articles/c22e5278dcb0f6a36128799931972750.jpg)
![Елордада ШЫҰ қатысушы елдер арасында халықаралық симпозиум өтті](/img/articles/476774dec9923e8049c0608550a92abc.jpg)
![Астанада салауатты болашақ туралы алғашқы ұлттық форум өтеді](/img/articles/48e17e9c3095dcce8f7665a6ae8bf5e9.jpeg)
![Астаналық полицейлер 20 адамды сан соқтырған жас жігітті қолға түсірді](/img/articles/74a48a854721bfb4e89c6835df7f2fbd.jpg)
![ШЫҰ саммитінде шетелдік қонақтарға V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары таныстырылды](/img/articles/32ca826a27e8fec88722900f2c31379f.jpeg)
![Елорда іргесіндегі Көктал қалай дамып жатыр?](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_10_09_at_18_05_18_kopiya_1e2396a307.jpeg)
![Астанада 1 маусым – Балаларды қорғау күні қандай іс-шаралар өтеді?](/img/articles/uploads/balalarr_305fdbed74.jpg)
![Астанада мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады](/img/articles/e6f9729929141c1f91e52a0e66f63d04.jpeg)
![Елорда мектептері жаңа оқу жылына дайын](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_08_29_at_12_17_26_7e03ee38ca.jpeg)
![Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді](/img/articles/74110ea15444c213ba0b4d266d0720fa.jpg)
![«JASYL EL» еңбек жасақтарына қосылуға өтінім қабылдау басталады](/img/articles/uploads/627f2ec888e48374562518_47d31e1773.jpeg)
![Адал еңбек нәтижеге жеткізеді – полиция майоры](/img/articles/8bb68eeea52450bef148a63e3365bee4.jpg)
![Астанада жолақысы қашан өзгеретіні белгілі болды](/img/articles/67fdb0accfe7db8cb69915448336d432.jpg)
![Астанада 500-ден астам мәдениет қызметкері қошқар мүйіз оюын бейнеледі](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2024_03_18_at_12_18_54_ec361d6ad8.jpeg)