00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордада 66 сотталған адамға ескерту жасалды

25.02.2023 | 00:37
Елорда ақпарат
114

Іс-шара кезінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық пробация қызметі мен Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі бірлесе отырып, сотталғандарға оң ықпал ететін ата-анасы және басқа да тұлғалармен профилактикалық әңгіме-сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, қоғамнан оқшалауға байланысты емес сотталғандардың тарапынан құқықбұзушылық және қылмыстың қайталануын анықтау үшін олардың тұрғылықты жері, жұмыс орны, жұмыс істейтін жағдайы, әкімшілік деректер базасы мен ішкі істер органдардың басқа да есептері бойынша тексерілді.

​Іс-шара кезінде есепте тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес 1 058 сотталған тұрғылықты жері бойынша тексерілді. ​

Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 24 сотталғанның тұрақты тіркеуінің болмағаны анықталып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 492-бабының 1-тармағы (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) бойынша хаттама толтырылды. ​

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу анықталды, яғни сот үкімі бойынша белгіленген сағат 22:00-ден кейін тұрақты мекенжайында болмау, тұрғылықты мекенжайынан пробация қызметін хабарламай көшкені үшін 66 сотталғанға ескерту жарияланды.
 

Все новости