00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Биыл «Birge – taza Qazaqstan» акциясы аясында елордалықтар 20 мыңдай ағаш отырғызды

24.02.2023 | 18:01
Елорда ақпарат
73

Атап айтқанда, 10 сәуір мен 29 мамыр аралығында өткен көктемгі экологиялық айлық аясында қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Апта сайынғы сенбіліктерге барлығы 88 мыңнан астам адам, 10 474 кәсіпорын мен ұйым қатысқан. Сондай-ақ 670-тен астам арнайы техника тартылды.

Осы кезеңде полигонға 4 715,56 тонна қалдық шығарылыпты. Оған қоса, жалпы ауданы 5,5 млн м2-ден астам саябақтар мен гүлзарлар тазартылып, 11 659 дана ағаш көшеттері отырғызылған.

Бұл ретте Дүниежүзілік «World Cleanup day 2021» акциясы аясында 2021 жылдың 18 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында ағаштар отырғызумен жалпы қалалық сенбілік өтті. Оған 49 мыңнан астам қала тұрғыны, 87 мемлекеттік орган, 17 елшілік, сондай-ақ 2876 кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер қатысып, 146 жүк тиегіш және 284 жүк көлігі жұмылдырылды. Сол күні жалпы ауданы 3 млн м2 болатын саябақтар мен скверлер тазартылып, 2 784 дана ағаш отырғызылған.

Күзгі экологиялық айлық аясында сенбіліктерге 70 393 адам, 5150 кәсіпорын мен ұйым қатысты. Барлығы 1244-тен астам мамандандырылған техника жұмылдырылды. Полигонға 1357,32 тонна қалдық шығарылды. Сонымен қатар, күзгі кезеңде өткізілген экологиялық сенбіліктер аясында жалпы ауданы 5,5 млн м2-ден астам саябақтар мен гүлзарлар тазартылып, 7819 дана ағаш отырғызылды.

Жалпы, қаланың «Жасыл белдеуі» аумағында биыл 890 151, ал елорданың өзінде 200 мыңға жуық ағаш отырғызылды.

Сенбілікке мемлекеттік, білім беру мекемелерінің, ұлттық компаниялардың қызметкерлері, ПИК және МИБ, шағын және орта бизнес субъектілері мен қаланың белсенді тұрғындары, сондай-ақ еріктілер, экобелсендер, оқушылар мен студенттер қатысты.

Все новости