00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елорданың шеткерірек аумақтары қоқыс контейнеріне қарық болды

24.02.2023 | 17:35
Елорда ақпарат
100

Жалпы биыл Нұр-Сұлтан қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы 1 текше метр көлеміндегі 613 мырышталған контейнер сатып алған. Қазір аудан әкімдіктерінің өтінімдері мен қала тұрғындарының өтініштеріне сәйкес Көктал 1, Көктал 2, Лесозавод, Үркер, Оңтүстік-Шығыс, Қазқалашық, Теміржолшылар елді мекендеріне, сол сияқты Техникум, Кристалл, Колледж жаңа тұрғын үй кешендеріне 580 контейнер орнатылды.

Айта кетсек, мырышталған контейнерлердің артықшылығы – өзгелеріне қарағанда шыдамдырақ және жиналған сұйықтықты төгетін тесікпен жабдықталған. Бұл оның шыдамдылық уақытын ұзартып қана қоймай, кейінгі гигиеналық тазалау кезінде де жұмысты жеңілдетеді.

Все новости