00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Поиск

Түркістан облысында қауынды тонналап далаға лақтырып жатыр

08.07.2023 | 13:30
137
Фото: ашық дереккөз

Кешеден бері әлеуметтік желілерде Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының бақша алқаптарында түсірілген әуесқой бейнежазба таратылуда, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, онда фермерлер жиналған өнімге сұраныстың төмен болуына байланысты өздері өсірген қауын-қарбыздарын далаға лақтырып жатқаны көрсетіледі. Кадрлар Нұрлыжол ауылында түсірілгені анықталды.

Ауылшаруашылығы министрлігі аталған видеоға қатысты мәлімдеме жасады. Ведомствоның айтуынша видеодағы өнімдер - келесі жылы тұқым алу үшін қалдырылған қауынның қалдықтары екені белгілі болды. Қазір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Министрлік берген мәлімет бойынша биыл Түркістан облысында 71,3 мың гектар алқапқа егін егілді. Бүгінгі таңда өңірде 176 мың тонна қарбыз бен 405 мың тонна қауын жиналған. 
Жыл сайын облыста жиналатын бақша өнімінің көлемі қазақстандық нарықтың қажеттілігінен 3,5 есе артық болады. Ішкі сұраныстан артылған өнім жыл сайын шетелге экспортталады. Ресей, Беларусь және Латвия қазақстандық қарбыз бен қауынның негізгі тұтынушылары болып отыр. Айта кетейік, Түркістан облысында қауын - мақтадан кейінгі экспортқа бағдарланған екінші тауар.

"Жалпы, биыл осы саланы қолдауға  бюджеттен  6,5 млрд теңге бөлінді, қаражат минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға бағытталды, тағы 375 млн теңге пестицидтер мен биогенттерді сатып алу шығындарын өтеуге жұмсалды. Сонымен қатар, тұқым шаруашылығын қолдауға 600 млн теңге қарастырылып отыр.
Сондай-ақ,  былтырғы жылдың желтоқсан айында биылғы егісті қаржыландыру басталды. Түркістан облысының фермерлері Аграрлық несие корпорациясы арқылы 11,4 млрд теңгеге жеңілдікті несие алды. Оған қоса өңір шаруаларына 48,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді", -делінген Ауылшаруашылығы министрлігі таратқан мәлімдемеде.

Все новости