Президент «Бәйтерек» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/akor_266169f310.jpg)
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің мәліметінше:
-ірі бизнесті қаржыландыру көлемі 114,4 млрд теңгені құраған;
-«Даму» қоры 15 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсеткен;
-жыл басынан бері «Отбасы Банкі» 29 мың отбасының баспаналы болуына көмектескен;
-бірінші жартыжылдықта баспананы жалға беруді субсидиялау бағдарламасы бойынша 9 мыңнан астам өтінімді мақұлдап, І және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларды, жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз мемлекеттік қолдау көрсеткен;
-«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жыл басынан бері 271 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 9 мыңға жуық фермерге қолдау көрсетілді. Биыл 3,5 млн гектар жерге егін егілген. Бұл – еліміздегі барлық егіс алқабының 15 пайызы;
-азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және импортқа тәуелділікті төмендету үшін ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды несиелендіруге 131 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген;
-аграрлық секторды қаржыландыру көлемінің 70 пайыздан астамы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ға тиесілі.
Президент бизнестің ахуалын жақсартуға және әлеуметтік тұрғын үй саясатын жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берді.
![](/img/articles/3a2bd4a7cc228aaab8b66cd645159971.jpeg)
![](/img/articles/062aa1907b56ab4655c3c37f591ac9c4.jpg)
![](/img/articles/589b9b0b25f43642c8d61722ffbb9f0f.jpg)
![](/img/articles/3586a6c15dfb59a01160300073b98d09.jpeg)
![Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді](/img/articles/3a2bd4a7cc228aaab8b66cd645159971.jpeg)
![Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді](/img/articles/062aa1907b56ab4655c3c37f591ac9c4.jpg)
![Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат](/img/articles/589b9b0b25f43642c8d61722ffbb9f0f.jpg)
![Үкімет Қазақстан-Корея келісімдерін жүзеге асыруға дайын](/img/articles/3586a6c15dfb59a01160300073b98d09.jpeg)
![10 маусымға арналған валюта бағамы](/img/articles/614860fb975f20408c70d1ab9ef49eef.jpg)
![375 млрд теңгеден асатын активтер мемлекетке қайтарылды](/img/articles/d83bf79aeb114cae06b0a8fb9a19e4ef.jpg)
![Утиль алым болмаса ескі көліктер көбейе ме – Үкіметтің жауабы](/img/articles/bedd65691a35ca39b25398333cb3b4bd.jpg)
![Елімізде 4 жылдан бері алғаш рет азық-түлік тауарлары арзандады](/img/articles/e1af95f14a5ece79ccc1ed0e5edbdb3f.jpeg)
![Үкімет құны $1,5 млрд болатын мыс балқыту зауытын салу туралы келісімге қол қойды](/img/articles/d2a191c8838f9b0e91f6477ef4648fda.jpeg)
![Қазақстанда мұнай өнімдерін өндіру көлемі артты](/img/articles/3285a143d131f9ad66af787e5286675d.jpg)
![Жас мамандарға үй алуға берілетін бюджеттік несие 9,2 млн теңге ұлғаяды](/img/articles/uploads/36_4cd2b43083.jpg)
![Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс артқан](/img/articles/uploads/3_7dedd2b48f.jpg)
![Алдағы жылғы егін егу, жинау жұмыстарына 140 мдрд теңге бөлінеді](/img/articles/uploads/agro_bc58960f33.jpg)
![Қазақстандық өнімді ең көп импорттайтын елдер қайсы](/img/articles/uploads/614befa1d4a05752961049_57ac13783b.jpg)
![Ақшаны қалай көбейтуге болады](/img/articles/uploads/shzz_2df96ac1ed.jpeg)
![Үкіметте елге қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды](/img/articles/680e915f0831e72d7740b327c941cb01.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге аймақтарды абаттандыруды тапсырды](/img/articles/7832ad3112ae016215e26c037c6269eb.jpg)
![Азық-түлік бағасын негізсіз көтеру бойынша 380 әкімшілік іс қозғалған](/img/articles/uploads/642676207042f046340727_75d725ef4c.jpg)
![2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қалай өседі?](/img/articles/uploads/DSC_04610_26d1a4828f_e4aa0a500b_f580a8bf74.jpg)
![Елордада онлайн сатып алуға қатысты 65 өтініш шағым келіп түскен](/img/articles/uploads/brifing_22_11_f748240945.jpg)