00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Олжас Бектенов: Отандық өндірушілер мен экспорттаушыларға қолдау көрсетуіміз керек

21.05.2024 | 12:47
146
Олжас Бектенов: Отандық өндірушілер мен экспорттаушыларға қолдау көрсетуіміз керек
фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов биыл экспорт деңгейін 37,7 млрд долларға дейін арттыру қажеттігін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

2025 жылдың қорытындысы бойынша өңделген өнімдер мен қызметтер экспортының көлемі $41 млрд-қа дейін жетуі тиіс.

«Біз бұдан да биік мақсаттар қойып, аталған жоспарларды асыра орындауға тырысуымыз керек. Бұл жұмысқа барлық мүдделі министрліктер, әкімдіктер, әсіресе бизнес белсенді атсалысуға тиіс. Шикізаттық емес экспортты дамытуда жоғары деңгейде өңделген тауарлар экспортына баса мән беруіміз керек. Егер мұқият қарайтын болсақ, қызмет көрсету экспортының көлемі орнықты өсіп келеді – былтыр шамамен 30%-ға өсті, ал шикізаттық емес тауарлардың экспорты былтыр керісінше 5,7%-ға төмендеп кеткен. Тауарлардың импорты 21,5%-ға артқан. Көріп отырғандай, айырмашылық 2 еседен асады, бұл сауда балансына теріс әсер етеді. Сондықтан жоғары деңгейде өңделген тауарлардың өндірісі мен экспортын ұлғайту қажет. Ол үшін перспектива мен мүмкіндік жеткілікті. Отандық өндірушілер мен экспорттаушыларға белсенді қолдау көрсетуіміз керек», — деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.

Премьер-Министр экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға Консультациялық қызметтер көрсету, ақпараттық сүйемелдеу және жаңа нарықтарға шығуға көмек көрсету арқылы экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдауды күшейтудің маңызды екенін атап өтті. Бүгінде Қазақстанда экспорттаушыларды қолдаудың 20-дан астам құралы – сақтандыру, қаржылық және сервистік құралдар жұмыс істейді.

Отандық өнімді өткізу нарығын кеңейту және оны шетелде экспортты барынша тиімді ұсына білу қажеттілігі атап өтілді. Осы мәселеге байланысты кейбір серіктес елдерге сауда өкілдері жіберілуде. Алайда бұл жұмыс баяу жүріп жатыр және оны барынша күшейту қажет.

Олжас Бектенов ҚХР Мемлекеттік Кеңесі Премьердің орынбасарымен Қытаймен сауда қатынастарын кеңейту туралы соңғы уағдаластықтарды еске салды. Үкімет басшысы бұл бағыттың перспективасы жоғары екенін атап өтіп, Сауда, Сыртқы істер және Қаржы министрліктеріне 1-ші шілдеге дейін Бейжіңге сауда өкілдерін жіберуді және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында сауда өкілдігін ашуға толық әзірлікті қамтамасыз етудіді тапсырды.

«Орташа және жоғары деңгейде өңделген тауарлар экспортын қолдауға баса назар аудару қажет. Ол үшін экспортты қолдаудың қолданыстағы бағдарламаларын күшейтудің, инновацияларды ынталандыру мен өндірістерді кеңейтудің маңызы зор. Мұнда отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларының рөлі маңызды болуға тиіс, бұл шаралар қазір пысықталып жатыр. Жалпы бізге сауда саясатында тың әрі батыл тәсілдер қажет», —  деп түйіндеді сөзін Олжас Бектенов.

Все новости