00:00
Астана -10oC
USD:
464.72
EUR:
496.32
RUB:
5.4
Поиск

Наурызда жылдық инфляция 9,1%-ды құрады

16.04.2024 | 19:35
130
инфляция
фото: stat.gov.kz

Ұлттық банктің мәліметінше, наурызда Қазақстанның көп бөлігінде жылдық инфляция баяулады, деп хабарлады Elorda.info.

Ақпан айындағы көрсеткіш  9,3% шамасында болған. Жылдық инфляция 14 өңірде бәсеңдеді, ал 5 облыста қарқын алып, 1 өңірде өзгеріссіз қалды. Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды мен Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Наурызда азық-түлік тауарларының бағасы 6,9%-ға дейін баяулады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі  8,2%-ға дейін бәсеңдеді. Ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (13,2%), ең төменгі мән Жетісу облысында (6,5%) тіркелді.

Наурызда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 13,2%-ға дейін жеделдеді. Ал ел бойынша айлық инфляция 0,7%-ға шарықтады.

Все новости