Үкімет агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша жаңа тәсілдер енгізіп жатыр
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/photo1706171449_a97f49df87.jpeg)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамытудың жаңа деңгейіне шығару және жалпы өнім көлемін 2 есеге арттыру жөнінде нақты міндеттер қойды. Осы мақсатта агроөнеркәсіп кешенінің әрбір бағыты бойынша шаралар қарастырылған Жол картасы әзірленді.
Мәселен, республикада егіс алқаптарын әртараптандыру жандандырылады, бұл ылғалды көп қажет ететін дақылдардың үлесін азайтады және жоғары рентабельді өсімдіктер, мысалы, майлы дақылдар өндірісінің көлемін арттырады. Сонымен қатар су үнемдеу технологияларын енгізу, тыңайтқыштарды қолдану деңгейін арттыру және ауыл шаруашылығы техникасын қарқынды жаңарту жоспарланған.
Сондай-ақ Жол картасына ірі және ұсақ мал басын көбейтуге, ет пен астық өңдеуді арттыруға, сүт-тауарлы фермаларды және басқа да нысандарды іске қосуға бағытталған шаралар да енгізілген. Жол картасын жүзеге асыру агроөнеркәсіп кешенінің жалпы өнімін 2028 жылға қарай 2 есеге арттырып, 17 трлн теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Негізгі түйткілді мәселелер және агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша ұсынылып отырған шаралар туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров баяндама жасады. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов вегетациялық кезеңде оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз ету жоспарлары туралы айтты.
Премьер-министр алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Ауыл шаруашылығы және Су ресурстары министрліктері өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, жұмыс істеу тәсілдерін қайта қарау қажет екенін баса айтты.
Әрбір өңір үшін өсудің қолда бар резервтері мен даму әлеуетін ескере отырып, көрсеткіштер айқындалды. Моно және ылғалды көп қажет ететін дақылдарды азайту арқылы сұранысқа ие дақылдардың алқаптарын кеңейтіп, минералды тыңайтқыштар қолдану деңгейін арттыру қажет, - деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының элиталық тұқымдары үлесін, машина-трактор паркін жаңарту деңгейін және су үнемдеу технологиялары енгізілген алаңдарды арттыру қажет.
Әкімдіктер мен министрліктер тарапынан аталған көрсеткіштерге қол жеткізуге тұрақты бақылау орнату қажет. Бүгінде біз жұмысымызда жаңа тәсілдер қабылдап жатырмыз. Облыс әкімдіктері Жол картасында көзделген өз көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етуі керек. Бұл үшін жеке жауапкершілік артылады, - деді Премьер-министр.
Әлихан Смайылов Жол картасының орындалуына ай сайын мониторинг жүргізуді және аталған мәселені тоқсан сайын Үкімет отырысына шығаруды талап етті.
![](/img/articles/5e1542a4603c22e4366a027b3a192f59.jpg)
![](/img/articles/36443860f8095316565087365aa31f61.jpg)
![](/img/articles/5c4d9a5d994a0ab1201f03abf11e97c3.jpg)
![](/img/articles/a83378a9ea36ebd9c9d387d9545c365b.jpg)
![Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталады](/img/articles/5e1542a4603c22e4366a027b3a192f59.jpg)
![Қазақстан мен Венесуэла туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады](/img/articles/36443860f8095316565087365aa31f61.jpg)
![Ұлттық банк «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын сатып алатын болды](/img/articles/5c4d9a5d994a0ab1201f03abf11e97c3.jpg)
![Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті](/img/articles/a83378a9ea36ebd9c9d387d9545c365b.jpg)
![Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті](/img/articles/3cf8bce354e8db12e6a654e7096122db.jpg)
![«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды](/img/articles/8acbd1bfb77076e8b28edee945092e6e.jpg)
![Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты](/img/articles/bfdf500af85854d013716b820eabe563.jpg)
![Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді](/img/articles/a5b62a1fbcbbdfb119cbba54fc11464f.jpg)
![Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады](/img/articles/7f12f16d1b07d3d0ad037e076426b4c5.jpg)
![Жас мамандарға үй алуға берілетін бюджеттік несие 9,2 млн теңге ұлғаяды](/img/articles/uploads/36_4cd2b43083.jpg)
![Алдағы жылғы егін егу, жинау жұмыстарына 140 мдрд теңге бөлінеді](/img/articles/uploads/agro_bc58960f33.jpg)
![Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс артқан](/img/articles/uploads/3_7dedd2b48f.jpg)
![Ақшаны қалай көбейтуге болады](/img/articles/uploads/shzz_2df96ac1ed.jpeg)
![Қазақстандық өнімді ең көп импорттайтын елдер қайсы](/img/articles/uploads/614befa1d4a05752961049_57ac13783b.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге аймақтарды абаттандыруды тапсырды](/img/articles/7832ad3112ae016215e26c037c6269eb.jpg)
![Үкіметте елге қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды](/img/articles/680e915f0831e72d7740b327c941cb01.jpg)
![2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қалай өседі?](/img/articles/uploads/DSC_04610_26d1a4828f_e4aa0a500b_f580a8bf74.jpg)
![Азық-түлік бағасын негізсіз көтеру бойынша 380 әкімшілік іс қозғалған](/img/articles/uploads/642676207042f046340727_75d725ef4c.jpg)
![Елордада онлайн сатып алуға қатысты 65 өтініш шағым келіп түскен](/img/articles/uploads/brifing_22_11_f748240945.jpg)