Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды
![](/img/watch-gray.png)
![Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланды](/img/articles/d49c441209c996fdd483efd17b2d05fd.jpg)
ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Душанбеге ресми сапармен барды. Күн тәртібінде сауда және инвестициялар, өнеркәсіп кооперациясы, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік байланысы, сондай-ақ су-энергетикалық ынтымақтастық саласындағы қазақ-тәжік өзара іс-қимылы мәселелері тұр, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олжас Бектеновті Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдады. Қазақстан – Тәжікстанның төртінші ірі сауда серіктесі. Бүгінгі таңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон арасындағы қарқынды саяси диалог пен қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты дамып келеді. Қолда бар зор әлеуетті ескере отырып, үкіметтер алдына тауар айналымын 2 есеге – $2 млрд-қа дейін арттыру міндеті қойылды.
Үкіметаралық келіссөздер кеңейтілген құрамда өтті және ынтымақтастықты нығайту әрі сауда ағындарын әртараптандыру шараларына арналды. Сондай-ақ Қазақстанның шамамен құны $190 млн болатын 85 тауар позициясы бойынша экспортты арттыруға дайындығы атап өтілді.
Үкіметтік делегациялар өнеркәсіп кооперациясын дамытудың маңыздылығына тоқталып, экспортқа бағдарланған жаңа бірлескен өндірістер құрудың өзектілігін атап өтті.
Қазақстанның мол тәжірибесін ескере отырып, Тәжікстан аумағында кен орындарын бірлесіп игеру және жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстанда тәжік темір жолдары үшін теміржол техникасын шығаратын ірі өндірістік әлеует бар. Ақтөбе зауыты рельс арқалық өнімдерін жеткізуде ынтымақтастық орнатуға дайын. Сондай-ақ Қазақстанда шығарылатын локомотивтердің, тепловоздардың, бағыттамалық бұрмалардың, трансформаторлардың, ауыл шаруашылығы техникаларының, аккумуляторлардың, автокөлік құралдарының экспорт көлемін арттыру мүмкіндігі зор.
Екіжақты күн тәртібіндегі маңызды мәселе – жыл сайын нығайып келе жатқан әрі өзара түсіністіктің жоғары деңгейімен сипатталатын су саласындағы ынтымақтастық. Екі ел қабылдап жатқан бірлескен іс-шаралар вегетациялық кезеңде «Бахри Точик» су қоймасының қажетті жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұнда төрағалық ету жыл басынан бері Тәжікстаннан Қазақстанға ауысқан Халықаралық Аралды құтқару қорын ұйымдастыру жұмыстары сөз болды.
Ауыл шаруашылығы саласында өткен жылғы сауда көлемінің төмендеуінен кейін оң өсім серпіні байқалады. Осы жылдың екі айында АӨК өнімінің тауар айналымы 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,9%-ға артып, $84,9 млн-ды құрады. Бұған қоса Тәжікстанға ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты құрылымын әртараптандыру байқалады. Саладағы қазіргі міндеттердің қатарында ұн жеткізу көлемін арттыру мәселесі бар. Ұн тарту өндірісі, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және басқа да бағыттарда бірлескен жобалар құрудың келешегі зор.
Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары қатарында цифрландыру саласы бар. Жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Тәжікстанға Smart Bridge, ИРБП (интернет-ресурстардың бірыңғай платформасы), Smart Data Ukimet секілді «eGOV» электрондық үкіметінің меншікті ұлттық жүйелерін өрістетуге көмек көрсету бойынша жұмыстарын бастады. IT саласындағы нәтижелі ынтымақтастық екі ел экономикасын дамытуға және азаматтарының тұрмыс сапасын жақсартуға жол ашады.
Сонымен қатар тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Биыл Тәжікстандағы Қазақстанның мәдениет күндерін өткізу маңызды оқиға болмақ. Олжас Бектенов алдағы уақытта Душанбеде қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы ескерткішінің ашылуының маңыздылығын атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша үкіметтер басшылары барлық бағыт бойынша екіжақты стратегиялық әріптестіктің жоғары серпінін сақтауға дайын екендіктерін растады.
![](/img/articles/3a2bd4a7cc228aaab8b66cd645159971.jpeg)
![](/img/articles/062aa1907b56ab4655c3c37f591ac9c4.jpg)
![](/img/articles/589b9b0b25f43642c8d61722ffbb9f0f.jpg)
![](/img/articles/3586a6c15dfb59a01160300073b98d09.jpeg)
![Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді](/img/articles/3a2bd4a7cc228aaab8b66cd645159971.jpeg)
![Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді](/img/articles/062aa1907b56ab4655c3c37f591ac9c4.jpg)
![Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат](/img/articles/589b9b0b25f43642c8d61722ffbb9f0f.jpg)
![Үкімет Қазақстан-Корея келісімдерін жүзеге асыруға дайын](/img/articles/3586a6c15dfb59a01160300073b98d09.jpeg)
![10 маусымға арналған валюта бағамы](/img/articles/614860fb975f20408c70d1ab9ef49eef.jpg)
![375 млрд теңгеден асатын активтер мемлекетке қайтарылды](/img/articles/d83bf79aeb114cae06b0a8fb9a19e4ef.jpg)
![Утиль алым болмаса ескі көліктер көбейе ме – Үкіметтің жауабы](/img/articles/bedd65691a35ca39b25398333cb3b4bd.jpg)
![Елімізде 4 жылдан бері алғаш рет азық-түлік тауарлары арзандады](/img/articles/e1af95f14a5ece79ccc1ed0e5edbdb3f.jpeg)
![Үкімет құны $1,5 млрд болатын мыс балқыту зауытын салу туралы келісімге қол қойды](/img/articles/d2a191c8838f9b0e91f6477ef4648fda.jpeg)
![Қазақстанда мұнай өнімдерін өндіру көлемі артты](/img/articles/3285a143d131f9ad66af787e5286675d.jpg)
![Жас мамандарға үй алуға берілетін бюджеттік несие 9,2 млн теңге ұлғаяды](/img/articles/uploads/36_4cd2b43083.jpg)
![Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс артқан](/img/articles/uploads/3_7dedd2b48f.jpg)
![Алдағы жылғы егін егу, жинау жұмыстарына 140 мдрд теңге бөлінеді](/img/articles/uploads/agro_bc58960f33.jpg)
![Қазақстандық өнімді ең көп импорттайтын елдер қайсы](/img/articles/uploads/614befa1d4a05752961049_57ac13783b.jpg)
![Ақшаны қалай көбейтуге болады](/img/articles/uploads/shzz_2df96ac1ed.jpeg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге аймақтарды абаттандыруды тапсырды](/img/articles/7832ad3112ae016215e26c037c6269eb.jpg)
![Үкіметте елге қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды](/img/articles/680e915f0831e72d7740b327c941cb01.jpg)
![Азық-түлік бағасын негізсіз көтеру бойынша 380 әкімшілік іс қозғалған](/img/articles/uploads/642676207042f046340727_75d725ef4c.jpg)
![2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қалай өседі?](/img/articles/uploads/DSC_04610_26d1a4828f_e4aa0a500b_f580a8bf74.jpg)
![Елордада онлайн сатып алуға қатысты 65 өтініш шағым келіп түскен](/img/articles/uploads/brifing_22_11_f748240945.jpg)