00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстанда жанармай мен дизель сатылымына тәуліктік шектеу енгізіледі

13.05.2024 | 09:02
168
Елімізде жанармай мен дизель сатылымына тәуліктік шектеу енгізіледі
фото: ашық дереккөзден

17 мамырдан бастап елімізде шетелдік автокөліктерге арналған бензин мен дизель отыны бекітілген бағамен саудаланады, деп хабарлады Elorda.info.

Энергетика министрінің шетелдік көліктерге арналған АИ-92, АИ-93 бензині және дизель бағасы отынының жаңартылған бағалары бойынша бұйрығы шықты.

Құжатқа сәйкес шекті бағалар мынадай шамада белгіленген:

Аи-80 маркалы бензин – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 89 теңге;

Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 245 теңге;

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;

 Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін және мотоциклдерге, жеңіл, жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;

Қосылған құн салығын қосқанда дизель отынының құны:

дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – шетелдік азаматтарға 1 литр үшін 315 теңге;

 Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге;

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге.

Все новости