00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
518.99
RUB:
5.4
Поиск

Елімізде сары май өндірісі артты

27.02.2024 | 08:12
237
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр кәсіпорындар 31,3 мың тонна өнім шығарса, 2022 жылы 26,2 мың тонна сары май өндірген.

Импорт 12,6% өскен, 2023 жылы 8,9 мың тоннадан астам өнім импортталған. Шетелдік өнімдердің үлесі 22,3% құрады.

2023 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта 38,4 мың тонна сары май сатылған.

Еске салайық, 2023 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда сары майдың орташа бағасы келісіне 3 931 теңгені құрады.

Бұл ретте ең жоғары орташа баға Ақтау қаласында тіркелген – 5 492 тг/кг, ең төменгісі Семей қаласында – 3 153 тг/кг.

Все новости