00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Поиск

Елімізде банан өсіріле бастады

14.08.2023 | 15:00
116
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастады, деп хабарлады Elorda.info.

банан.jpg

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметінше, түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы өңірде 5,3 га банан отырғызылған жылыжай кешенін салды. Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсірілді. 

Жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі, бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарланып отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі.

Жобаның құны бірінші кезеңде 4 миллион АҚШ долларын құрады. Түрік компаниясы құрылыс кезінде  жоғары беріктігі бар құрылымдарды пайдаланды, жылыжайлар климаттық бақылаумен және бейімделгіш қоректендіру жүйесімен жабдықталған.

Все новости