00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Қазақстан Қытайға 1 млн тонна бидай экспорттайды

13.07.2023 | 17:30
118
Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен COFCO компаниясының вице-президенті Чжу Цзэ қазақстандық бидайды ҚХР-ға экспорттау әлеуетін талқылады, деп хабарлады Elorda.info.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметінше, АШМ басшысы Қазақстанның жоғары сапалы және органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ азық-түлік өндірудегі үлкен мүмкіндіктерін атап өтті.

Сонымен қатар, министр өткен жылы егіннің рекордтық көрсеткіштерін еске салды. Нақтырақ айтсақ, былтыр 22 млн тонна дәнді және бұршақты дақылдар, оның ішінде 16,4 млн тонна бидай жиналды.

Қытайға жыл сайынғы жеткізу көлемін астық тасығыштармен және жабық вагондармен 1 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда.

Айта кетейік, жақында ҚХР-ға жасаған сапарының қорытындысы бойынша COFCO компаниясы мен Азық-түлік корпорациясы арасында 75 мың тонна бидай жеткізуге экспорттық келісімшарттарға қол қойылды. Ербол Қарашөкеев Қазақстан тарапынан барлық міндеттемелер мерзімінде орындалатынын атап өтті. Келіссөздер барысында Азық-түлік корпорациясынан басқа да дақылдарды, яғни зығыр, арпа, күнбағыс және рапсты сатып алу мүмкіндігі қарастырылды.

 Бүгінгі таңда COFCO корпорациясы қазақстандық бидайдың ҚХР-ға ірі импорттаушысы болып табылады.

Сапар аясында қытай делегациясы Ақмола облысындағы азық-түлік корпорациясының астық қабылдау кәсіпорындарына барып, ауыл шаруашылығы өнімдерін тиеу процесімен танысты, сондай-ақ А.Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығында болды.

Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
05.07.2024 | 15:06
Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
04.07.2024 | 11:39
«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
03.07.2024 | 13:23
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
03.07.2024 | 09:03
Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
02.07.2024 | 15:03
Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
02.07.2024 | 10:15
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
01.07.2024 | 21:02
Қазақстанға шетелден 63 млрд теңге актив қайтарылды
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
24.06.2024 | 14:44
Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
20.06.2024 | 19:16
Елімізде бизнес үшін электр энергиясы тарифтері төмендетілді
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
19.06.2024 | 14:59
Еліміздегі туризмнен түсетін табыс мардымсыз – депутат
Все новости