Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерге қолдау көрсетіледі
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/41_f663904b8d.jpeg)
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте АӨК-те қайта өңделген өнімдердің үлесін арттыру мәселелері қаралды, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қатысушылар ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыру, импортты алмастыратын жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу жөніндегі шараларды, сондай-ақ жеңілдікпен несие беру, субсидиялау, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және басқа да бірқатар мәселені талқылады.
Алдағы жылдары ет, бидай, сүт және басқа да шикізатты өңдеу жобаларына басымдық берілетіні атап өтілді. Атап айтқанда, АӨК саласындағы ірі өнеркәсіп жобаларын іске асыру бойынша СҚО-ның тәжірибесін басқа өңірлерге тарату жұмыстары жалғаспақ.
Премьер-Министр мемлекет әрі қарай да ауыл шаруашылығын дамытуға кешенді қолдау көрсететінін атап өтті. Бұл ретте негізгі мақсаттардың қатарында сапалы азық-түлік өндірісін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын құру шаралары бар.
Сонымен қатар Әлихан Смайылов мемлекеттік қаражаттың тиімді игерілуіне бақылауды күшейтуді талап етті. Бұл, сондай-ақ қолдағы қорларды іске қосуға, жаңа субсидиялау тәсілдерін әзірлеуге, жобаларды сапалы түрде іріктеуге және тауар өндірушілердің қарсы міндеттемелерді сақтауына да қатысты.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органға бірқатар тапсырма берді.
![](/img/articles/5e1542a4603c22e4366a027b3a192f59.jpg)
![](/img/articles/36443860f8095316565087365aa31f61.jpg)
![](/img/articles/5c4d9a5d994a0ab1201f03abf11e97c3.jpg)
![](/img/articles/a83378a9ea36ebd9c9d387d9545c365b.jpg)
![Биыл Қытайға 2 млн тоннадан астам астық экспортталады](/img/articles/5e1542a4603c22e4366a027b3a192f59.jpg)
![Қазақстан мен Венесуэла туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады](/img/articles/36443860f8095316565087365aa31f61.jpg)
![Ұлттық банк «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын сатып алатын болды](/img/articles/5c4d9a5d994a0ab1201f03abf11e97c3.jpg)
![Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті](/img/articles/a83378a9ea36ebd9c9d387d9545c365b.jpg)
![Қазақстандағы қонақүйлер мен орналастыру орындары 50 млрд теңгеге қызмет көрсетті](/img/articles/3cf8bce354e8db12e6a654e7096122db.jpg)
![«Бәйтерек» пен Қытайдың қаржы институттары бірқатар стратегиялық келісімдерге қол қойды](/img/articles/8acbd1bfb77076e8b28edee945092e6e.jpg)
![Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард доллардан асты](/img/articles/bfdf500af85854d013716b820eabe563.jpg)
![Үкімет су тасқынынан кейін бизнестің мүлік шығындарын өтеуге 12 млрд теңге бөлді](/img/articles/a5b62a1fbcbbdfb119cbba54fc11464f.jpg)
![Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы төмендеді](/img/articles/a5c55d46c4a2417f2c03bcf1f72f2631.jpg)
![Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі ашылады](/img/articles/7f12f16d1b07d3d0ad037e076426b4c5.jpg)
![Жас мамандарға үй алуға берілетін бюджеттік несие 9,2 млн теңге ұлғаяды](/img/articles/uploads/36_4cd2b43083.jpg)
![Алдағы жылғы егін егу, жинау жұмыстарына 140 мдрд теңге бөлінеді](/img/articles/uploads/agro_bc58960f33.jpg)
![Елімізде кепілсіз тұтынушылық несиеге сұраныс артқан](/img/articles/uploads/3_7dedd2b48f.jpg)
![Ақшаны қалай көбейтуге болады](/img/articles/uploads/shzz_2df96ac1ed.jpeg)
![Қазақстандық өнімді ең көп импорттайтын елдер қайсы](/img/articles/uploads/614befa1d4a05752961049_57ac13783b.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге аймақтарды абаттандыруды тапсырды](/img/articles/7832ad3112ae016215e26c037c6269eb.jpg)
![Үкіметте елге қаржылық ресурстарды тарту мәселелері талқыланды](/img/articles/680e915f0831e72d7740b327c941cb01.jpg)
![2024 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қалай өседі?](/img/articles/uploads/DSC_04610_26d1a4828f_e4aa0a500b_f580a8bf74.jpg)
![Азық-түлік бағасын негізсіз көтеру бойынша 380 әкімшілік іс қозғалған](/img/articles/uploads/642676207042f046340727_75d725ef4c.jpg)
![Елордада онлайн сатып алуға қатысты 65 өтініш шағым келіп түскен](/img/articles/uploads/brifing_22_11_f748240945.jpg)