00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Поиск

Германияға мұнай тасымалын 100 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр

01.04.2023 | 01:08
Елорда ақпарат
143

Энергетика министрлігі бекіткен мұнай тасымалы кестесіне сай, «ҚазТрансОйл» АҚ сәуір айында 100 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнайды «Дружба» мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы әрі қарай Германияға жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Elorda.info копанияның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Биыл ақпан-наурыз айларында «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 40 мың тонна мөлшерінде қазақстандық мұнай жөнелтті.

2022 жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын.

Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан мен Ресей Үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады.

Все новости