00:00
Астана -10oC
USD:
478.58
EUR:
520.84
RUB:
5.44
Поиск

Қаңтар айында инфляция 1,1%-ды құрады

31.03.2023 | 22:44
Елорда ақпарат
86

Қаңтар айының қорытындысы бойынша инфляция 1,1%-ды құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Оның ішінде азық-түлік 1,4%, азық-түлік емес 0,9%, ақылы қызметтер 0,7% құрады. Азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана және Шымкент қалаларында 2,2%-дан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1,8%-дан, Ақтөбе облысында – 1,7%, Ұлытау облысында - 1,5% құрады, - деді министр.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі жыл басынан бері 1,7% болды. Апталық динамика +0,3, +0,4% болып қалыптасуда. Жыл басынан бері ең жоғары өсу қарқыны Маңғыстау облысында – 3,4%, Ұлытау облысында – 2,8% және Астана қаласында - 2,5% байқалды.

Ұлытау облысы бағаның өсуі бойынша көш басында тұр. Астана қаласында «айналым схемасы» тетігі бойынша қаржыландырудың бөлінген сомасы 14 млрд теңгені құрайды, бірақ өңір 2022 жылдың қорытындысы бойынша да, осы жылдың басынан бері де бағаның өсуі бойынша көшбасшылар үштігінде қалып отыр, - деді Серік Жұманғарин.

Все новости