00:00
Астана -10oC
USD:
450.79
EUR:
482.21
RUB:
5.05
Поиск

Доллар тағы қымбаттады

31.03.2023 | 22:32
Елорда ақпарат
84

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлады Elorda.info.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,35 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 460, 87 теңге.

Ұлттық банктің 1 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 460, 51 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 6,53 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астана қаласы бойынша сату бағамы 460,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 463, 5 теңге. Ал Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 459,5 теңге, сатып алу – 463 теңге.

Ресей рублі 6,25-6,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.

 

Все новости