00:00
Астана -10oC
USD:
478.58
EUR:
520.84
RUB:
5.44
Поиск

Елімізде азық-түлік бір жылда 23,4 пайызға қымбаттаған

31.03.2023 | 22:24
Елорда ақпарат
101

Ұлттық статистика бюросы өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 0,3%-ға, жылдық мәнде 23,4%-ға өскенін мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info. 

Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

Күріш – 361 тг/кг

Айран 2,5% – 367 тг/л

Сүзбе – 1953 тг/кг.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 түрлі өнім кіреді.

Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады.

Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады.

Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Все новости