00:00
Астана -10oC
USD:
474.83
EUR:
515.38
RUB:
5.5
Поиск

Қоғамдық тамақтану қызметі бір жылда 23%-ға қымбаттады

31.03.2023 | 21:47
Айман Нығмет
119

2022 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтану ұйымдарының қызметі бір жылда 23,4% -ға қымбаттады, деп хабарлады Elorda.info Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Баға ең көп өскен өңір Жетісу облысы, мұнда қоғамдық тамақтану қызметі 13,9%-ға  өсті. Одан кейін Шымкент пен Алматы облысында байқалды. Жеті өңірде баға өзгерген жоқ.

Жылдық динамикада да баға ең көп өскен өңір Жетісу облысы: бірден 44,7%. Сондай-ақ Шымкентте (40,3%) және елордада (38,5%) айтарлықтай өсті. Бағаның ең аз өсуі Павлодар облысында байқалды: бір жылда 6,2%.

Қоғамдық тамақтану нысандарының ішінде асхана қызметі бір жылда 26,6%-ға, фастфуд ұйымдары қызметі — 17,1%-ға, мейрамханалар, дәмханалар және ұқсас мекемелердің қызметі 20,6%-ға қымбаттады. Оның ішінде мейрамханадағы түскі ас бағасы 19%-ға, асханадағы түскі ас 26,6% -ға өсті.

Мейрамханалар мен дәмханалар қызметі бағасының ең көп жылдық өсуі Жетісу облысында (44,4%), ең азы — Алматы қаласында (5,2%) тіркелді.

Жылдам қызмет көрсететін ұйымдар қызметі ең көп өскен Атырау облысы (38%), ең аз — Павлодар облысында (4,5%) байқалды.

Асхана қызметі ең көп қымбаттаған Жетісу облысында (52%), ең аз — Павлодар облысында (7%) тіркелді.

Сонымен бірге, 2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану нысандарын жалға алу құны бір жылда 5%-ға қымбаттаған. Маңғыстау облысында баға бірден 27,2%-ға, Қарағанды облысында — 20,3%-ға, Шымкентте — 8,4%-ға өсті. Тағы бес облыста баға бір жыл бұрынғы деңгейде сақталды, ал Атырау облысында бағаның шамалы төмендеуі де байқалды — 0,6%.

Мейрамхананы жалға алу бағасы бір жылда 8,9%-ға, асхананы жалға алу — 0,9%-ға, дәмхананы жалға алу — 3,4%-ға қымбаттады.

 

Все новости