00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

АЕК жойыла ма

31.03.2023 | 20:49
Елорда ақпарат
72

Айлық есептік көрсеткіштің жойылуы қазақстандықтар алып отырған жәрдемақының көлеміне кері әсерін тигізуі мүмкін, деп хабарлады Elorda.info Хабар24-ке сілтеме жасап.

Экономист Арман Бейсенбаевтың пікірінше, мұндай төлемдерді ең төменгі жалақы немесе күнкөріс минимумына байланыстыру - қауіпті. Өйткені мемлекет тарапынан төленетін жәрдемақыларды жыл сайын индекстеу тоқтап қалуы ықтимал.

Айлық есептік көрсеткішті пайдалану өте ыңғайлы. Егер бұл индикатор жойылса, төлемдер қалай есептелетіні түсініксіз болып қалады. Әзірге мұндай ұсыныстың себебі белгісіз. Мәселен, егер жәрдемақылар ең төменгі жалақы немесе күнкөріс деңгейі бойынша, ал айыппұлдар айлық есептік көрсеткіш бойынша есесптелсе, онда халық үшін бұл тиімсіз болады. Өйткені жәрдемақы көлемі азаяды, ал айыппұлдар керісінше ұлғаяды. Сол себепті, біз асығыс қорытынды жасамай, жауапты ведомствоның қабылдайтын шешімін күтейік, - деді экономист Арман Бейсенбаев.

Все новости