00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

ЕГІН 2022: 6,1 миллион гектар дәнді дақылдар жиналды

31.03.2023 | 16:39
Айман Нығмет
83

Бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 2,5 млн тоннаға артық, деп хабарлады Elorda.info.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ішкі тұтыну мен қазақстандық нарықты қамтамасыз етуге және бидайдың бір бөлігін экспортқа жөнелту үшін астықтың жеткілікті көлемі алынады деп болжанып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында «Жасыл даму» АҚ қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен несиелеу тетігі пысықталғанын атап өту қажет. Жеңілдікті лизингке шамамен 40 млрд теңге бөлінді. 

Бұған қоса, егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін АШТӨ-ге 423,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі егін жинау жұмыстарын табысты жүргізу мәселесін тұрақты бақылауда ұстап отыр. Ол үшін ведомствода барлық туындаған проблемалық мәселелерді уақтылы шешуге арналған жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Все новости