00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Ұзын, қысқа және атаусыз: Астанада қандай көшелер бар?

08.06.2023 | 15:30
275
фото: Оңалхан Өнерхан

Елорданың көшелері  25 жыл ішінде бірнеше мың нысанды қамтыды. Қалалық Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Elorda.info тілшісіне Астананың көшелері туралы негізгі деректерді айтты.

Астанадағы көшелердің жалпы саны – 2080. Көшелер мен даңғылдардың 92%-дан астамы еліміздің ұлы тұлғалары мен тарихи орындарының есімімен аталады, бұл еліміздегі ең жақсы көрсеткіштердің бірі.

Қалған 968 көше уақытша жобалық белгілермен көрсетілген. Олар аудан атауының бірінші әрпі мен сандар тіркесінен құрастырылған: А-184 (Алматы), Е-753 (Есіл), С-303 (Сарыарқа) және  т.б.

Астана жол желісінің ең ұзын нысаны – Қабанбай батыр даңғылы, оның ұзындығы шамамен 16 шақырымды құрайды. Ал қаланың ең қысқа бөлігі - 3-ші Радищев жолағы, ол 101 метрмен ғана шектелген.

Дана Амангелді

Все новости