00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Астана музейлері

01.07.2023 | 22:00
620
Фото: Уикипедия

Астананың іргесі қаланғанына биыл 25 жыл толып отыр. Сол жылдардан бері елорда жылма-жыл еңсесін тіктеп келеді. Сан алуан құрылыстар бой көтерді. Тарихи-мәдени нысандардың қатары да толығып отыр. Ел тарихын білу үшін мұражайлардың орны бөлек. Ендеше Elorda.info тілшісі Астанадағы музейлерге шолу жасауды жөн көрді. 

Қаладағы бірнеше музейдің ең үлкені әрі бірегейі – Ұлттық музей. Ол 2014 жылы ашылған. 74 мың шаршы метр аумақты алып жатқан мұражайда 14 зал бар. Соның бірі – Астана залы. Онда көне дәуірден бастап, бүгінге дейінгі қала тарихымен танысуға болады. 

Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайы. Астанадағы М.Әуезов пен С.Сейфуллин көшелерінің қиылысында осыдан 150 жылдай бұрын бой көтерген ағаш үй бар. Мұнда бұл күнде Сәкен Сейфуллин музейі орналасқан. Осы ақпан айында аталмыш мұражайдың ашылғанына 35 жыл толды. Ол 1988 жылы 21 ақпанда Ақмола қаласында (қазіргі Астана) облыстық өлкетану музейінің бір бөлімі ретінде ашылған. Бөренеден салған екі үйдің бірінде Сәкен Сейфуллиннің өзі бір кездері жұмыс істеген. Ал мұражайға қойылған жеке заттар мен кітаптар ақын Сәкен жайлы және 1920-1930 жылдардағы Ақмола қаласының өмірі жайлы мәлімет береді. 

сакенша.jpg

Қаладан қашықтау тұрған Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені бар. Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені – ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдардағы  жаппай террор құрбандарына арналған бірегей ескерткіш.

викуша.jpg

Әскери-тарихи мұражайы ғимараттың құрылымдық және сәулеттік келбетін өз экспозицияларымен толықтыратын бірегей залдармен ерекшеленеді. Мұражайда сізді: ҚР Қарулы Күштерінің залы, Мерзімді көрмелер залы, XIX ғасыр “ежелгі” залы, XX ғасыр әскери тарихы залы, XX – XXI ғасыр қару-жарақ залы, Бейнелеу өнері залы, сондай-ақ “Қазақстан әскери ісінің тарихы”атриумы қарсы алады.

аскерка.jpg

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы Елбасының 2004 жылғы 28 тамызы күнгі Жарлығымен құрылған. Алғашқы келушілерін мұражай 2005 жылдың наурыз айында қабылдаған. Ол Президенттің Резиденциясы ғимаратында орналасқан. Мемлекет Басшысы жұмыс атқарған кезеңдегі жұмыс кабинеттері мен залдардың интерьері мен жабдықтары сол күйі өзгертілмей сақталған.

тунгыш уикипед.jpg

Все новости