Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/f940bd44a2414a9bb4f58650811791d2_a32ca12de4.jpg)
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшібаев өзінің фейсбук парақшасында барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.
Оның айтуынша, елордамыз осы жылдардың ішінде қарқынды дамып, өзінің мәртебесіне сай еңселі орталыққа айналды. Ұлтымызды ұйыстырып, бірлігімізді бекемдеуге зор ықпалын тигізді.
Астананың Арқа төріне көшуі еліміз үшін өте қиын кезеңдерде іске асқаны белгілі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кеше ғана өткен Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында бұл – халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды және дер кезінде қабылданған тарихи шешім болғанын айрықша атап өтті.
Шын мәнінде, жаңа астана өзі ғана өркендеп қоймай, тұтас елдің ілгері жылжуына тың серпін берді. Астанамыз ширек ғасырдың ішінде жан-жақты дамыды. Осылайша ол әкімшілік орталық қана емес, мәдени-рухани салмағы басым іргелі шаһарға айналды. Сондықтан Астананың мерейтойы – тұтас ұлтымыздың мерейі деп сенімді түрде айта аламыз.
Баршаңызды осы мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық және әр отбасына ырыс пен ынтымақ тілеймін! - деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Сенат төрағасы, сондай-ақ, елдігіміз мәңгі, ертеңіміз баянды болуын, қаламыз өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.
![](/img/articles/uploads/378677592_18382411876061421_5146567527962680493_n_ca5fa92152.jpg)
![](/img/articles/uploads/zhyur_c91a4856d1.jpg)
![](/img/articles/uploads/48bb205568b743e5ed8a3cfd82e3f690_1280x720_e59baf8644.jpeg)
![](/img/articles/uploads/f412ce1e_cf99_47d7_82d4_369924c5462d_ee994363cd.jpg)
![«Ел жүрегі – Елорда» атты оқушылар арасында шығармалар байқауы жарияланды](/img/articles/uploads/378677592_18382411876061421_5146567527962680493_n_ca5fa92152.jpg)
![Ерік Жолжақсынов: Астана мен Монте-Карло арасына «өнер көпірін» салдық](/img/articles/uploads/zhyur_c91a4856d1.jpg)
![Астана-25: Әлеуметтік бейнероликтер байқауы жарияланды](/img/articles/uploads/48bb205568b743e5ed8a3cfd82e3f690_1280x720_e59baf8644.jpeg)
![Елордаға 11 елдің цирк өнерпаздары келді](/img/articles/uploads/f412ce1e_cf99_47d7_82d4_369924c5462d_ee994363cd.jpg)
![Астанада халықаралық «Азия жаңғырығы» фестивалі өтеді](/img/articles/uploads/ERA_6835_f5ebfe08bc.jpg)
![Астанада шахмат фестиваліне қатысушылар гроссмейстерлермен ойнады](/img/articles/uploads/2023_07_13_15_41_53_b9df1ba21f.png)
![Мәулен Әшімбаев елордадағы шахмат фестивалінің басталуымен құттықтады](/img/articles/uploads/2023_07_12_17_14_34_46b82fa696.png)
![Елордада журналистер арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_07_12_at_15_59_32_0dbabe27f7.jpeg)
![Елордадағы Байқоңыр ауданы бесжылдығын атап өтті](/img/articles/uploads/bajkonyr_0d6cfb6e3d.jpg)
![«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталды](/img/articles/uploads/56b2dad3_5de7_432d_8532_41ea96edab44_bf02b6903a.jpg)
![Астана музейлері](/img/articles/uploads/ultiiik_716c0538ec.jpg)
![Астана 1999 жылы ЮНЕСКО-ның жоғары сыйлығына ие болды](/img/articles/uploads/20_2_2ee6f74e85.jpg)
![Астана келбетінен сәулет өнерінің жарқын үлгілерін көргім келеді – Аманжол Чиканаев](/img/articles/uploads/chi_c6653ecb69.jpg)
![Астана туралы үздік әндер байқауына өтінім қабылдауға 2 күн қалды](/img/articles/uploads/122041e4_1eb0_460a_bfc3_086933f7dc03_ba140ee821.jpg)
![«Ел жүрегі – Елорда» атты оқушылар арасында шығармалар байқауы жарияланды](/img/articles/uploads/378677592_18382411876061421_5146567527962680493_n_ca5fa92152.jpg)
![Ұзын, қысқа және атаусыз: Астанада қандай көшелер бар?](/img/articles/uploads/6b68eb1f_4360_40c0_819c_4e46a24b143e_05dd9093c7.jpg)
![Астанада халықаралық «Азия жаңғырығы» фестивалі өтеді](/img/articles/uploads/ERA_6835_f5ebfe08bc.jpg)
![Астанадағы атауы ерекше көшелер](/img/articles/uploads/egemenchik_b8e3496d58.jpg)
![Ерік Жолжақсынов: Астана мен Монте-Карло арасына «өнер көпірін» салдық](/img/articles/uploads/zhyur_c91a4856d1.jpg)